Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Фотография - Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Қазылар алқасының шешімімен Аида Қажмаханның бейнеролигі үздік деп танылды.

220 0

Бірнеше күн бойы 10-25 жас аралығындағы жас дарындар өзара жарысты. Бұл жолы Дельфий ойындары «Болашаққа тәуелсіздікпен!» ұранымен өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазылар алқасының шешімімен Аида Қажмаханның бейнеролигі үздік деп танылды. Ал Ирина Гураева креативті сурет жасаған. Жансая Беспайдың "Тұмар Ханым" коллекциясы ерекше атап өтілді. 

"Прима қобыз" номинациясында Наргиз Бақтығалиева топ жарса, домбырада ойнаған Асанәлі Әшімов пен Табыс Құдайберген көпшілікті тәнті етті. Фортепианода Мария Шавтельская үдік атанды. "Номад" би ансамблі және "Самұрық" би  мектебі "Халық биі" номинациясында көш бастады. 

Ойындар аясында музыка жекпе-жектер өткізілді. Халық әндерін орындауда Маржан Әбдірахманова және Набира Рақымжан үздік болды. "Эстрадалық ән" аталымында Әйгерім Русланова жеңіп шықты,  академиялық ән салуда әділ қазылар алқасын Талғат Аллабиринов пен Құдайберген Әбілдин таң қалдырды. Мишель Слобода үздік диджей атанды. 

Биыл алғаш рет "Ымдау тілі әні" номинациясы енгізілді. Оған 16-дан 25 жасқа дейінгі Астана тұрғындары қатысып, Алмат Теңізбай жеңіске жетті. 

"Театр" номинациясы қатысушылардың да, көрермендердің де қызығушылығын оятты. Қазақ ұлттық өнер университетінің "Драма театры және киноактер" мамандығы бойынша студенттері ең үздік қойылым көрсетті. "Бейнелеу өнері" санатында Дәулет Досмағанбетов жеңіске жетті. 

Барлығы конкурсқа 200 астаналық қатысты. Ойындар жас таланттарды анықтауға және дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге көмектеседі, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!