"Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттайды

Фотография - "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттайды

Байқау материалдарын елімізге белгілі жазушылар мен тәжірибелі журналист мамандарынан құралған арнайы қазылар жеңімпаздарды анықтайды.

901 0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай 2016 жылғы 22 маусымда "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.

Республикалық байқауға жекелеген тілшілердің ел аумағындағы БАҚ-та жариялаған мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы 100-ден аса өткір де өзекті материалдар келіп түсті.

Байқаудың ережесіне сәйкес 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығында жарық көрген жарияланымдар, эфирге шыққан хабар, бағдарламалар бойынша келіп түскен материалдар "Үздік мақала", "Үздік телеарна бағдарламасы", "Үздік радио бағдарламасы", "Үздік сайт мақаласы" номинациялары бойынша бағаланады.

Байқау материалдарын елімізге белгілі жазушылар мен тәжірибелі журналист мамандарынан құралған арнайы қазылар алқасы қарастырып, жүлдегерлерді анықтайды.

Марапаттау рәсімі ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, байқаудың жүлдегерлері және т.б. қатысады. Іс-шара барысында еліміздің танымал әртістері өнер көрсетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!