Астанада "Бағаналы ордам - басты ордам" атты ақындар айтысы өтеді

Фотография - Астанада "Бағаналы ордам - басты ордам" атты ақындар айтысы өтеді

Айтыс Астана күнінде Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілмек.

1035 0

Астананың туған күнінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған "Бағаналы ордам - басты ордам" ақындар айтысы өтеді. Сөз сайысына еліміздің ең мықты суырып салма ақындары сынға түседі,деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.

 

Аталмыш айтыста осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарып, көпшілікке танымал болған 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар және басқалары.

 

Ақындар айтысы атаулы датаға орайластырылып отырғандықтан, айтыстың басты тақырыбы еліміздің жетістіктері мен даму перспективалары, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы болмақ. Ақындар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жырға қосады. Айтыскерлер өз ойларын сиқырлы сөзбен айтып, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізіп, өз тыңдармандарын қуантпақ.

 

"Бағаналы ордам - басты ордам" ақындар айтысының әділ қазылар алқасының құрамына танымал суырып салма ақын, қазақ халқының шығармашылығының осы бір ерекше түрін зерттеп жүрген ғалым Аманжол Әлтаев, ҚР халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскерлер Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин және басқалары енді.

 

Айта кетейік, дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігі ақындар айтысын Елорда күнін мерекелеу аясында осымен оныншы рет өткізгелі тұр. Жыл сайын ақындар "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығының жанында орналасқан сахнада өнер көрсетеді. Биыл айтыс елордамыздың ең үздік концерт залдарының бірі - Конгресс-холлда өтеді. Айтыс шілде айының 6-сы күні сағат 15.00-де басталады. 

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!