"Астана операда" әлемге әйгілі кутюрьенің көрмесі өтеді

Фотография - "Астана операда" әлемге әйгілі кутюрьенің көрмесі өтеді

Рудольф Нуреевтің костюмі Астанаға әкелінді

314 0

"Париж Құдай Анасының соборы" балетінің тұсаукесері аясында, әлемге әйгілі кутюрье Ив Сен-Лоранның театрлық костюмдері көпшілік назарына ұсынылады. Олардың қатарында ХХ ғасырдың атақты бишісі Рудольф Нуреевтің сахналық  киімі де бар. Көрме небары екі күн – 24, 25 маусымда елордалық театрдың басты фойесінде өтеді.

Опера және балет спектакльдеріне, сондай-ақ театрды көруге келгендер "Париж Құдай Анасының соборы" балетінің 10 костюмінен тұратын экспозициялармен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл костюмдермен әр кезеңдерде әйгілі балет әртістері Париж Операсының сахнасында өнер көрсеткен. Солардың ішіндегі ең бағалысы – француздық хореограф Ролан Петидің қойылымындағы Квазимодо партиясын орындаған танымал биші Рудольф Нуреевтің костюмі. Бұл сахналық киімге 40 жылдан асты!

Кезінде Француз халқын дүр сілкіндірген Эсмеральданың костюмі де Астанаға жеткізілді. Таң қалдырған бұл ақ түсті тым қысқа көйлекті Париж Операсының прима балеринасы Элеонора Аббаньято киген. Көрмеден айрықша орын алатын Эсмеральданың қара көк түсті туникасымен әлемдік балеттің тағы бір жарқын жұлдызы Ноэлла Понтуа сахнаға жарқырап шыққан. Бас кейіпкерлердің костюмдерімен қатар, өткен жүзжылдықта Париж Операсының шеберлерінің қолынан шыққан Ғажайыптар сарайы және Шабуыл көрінісіндегі кордебалет әртістерінің киімдері де көрсетіледі. Оларды әртістер Париж Операсындағы тұсаукесерге (1965) киіп шыққан, костюмдер сонысымен де ерекше.

Париж Операсының костюм тігетін шеберханалар меңгерушісі Филипп Бино Петимен және оның тобымен жұмыс жасаған. Бүгінде тарихқа айналған костюмдерді Астанаға әкелген де сол. Тұсаукесерге келген көрермен, оның жеңіл қолынан шыққан киімдерге қарап, өткен күннің зымырап бүгінгіге қалай жеткенін байқай алады. Ұқсас материалдан нақты көшірме бойынша жасалған костюмдер, Үлкен зал сахнасында осылай пайда болады.

"Көпшілік назарына ұсынылған костюмдер, тағы бір маңызды рөлді атқарды: олар "Астана Опера" тігіншілері үшін үлгіге айналды. Қолыңда дайын модель болса, оның тігістерін, қалай пішілгенін көріп, соның негізінде жаңасын дайындаған жеңіл. Шынын айту керек, Астанадағы әріптестермен етене жұмыс жасаған жарты жыл ішінде әсем театрларыңызды және мұнда жұмыс жасайтын кәсіпқой мамандарды жақсы көрмеу мүмкін емес. Біз бірлесіп қазақстандық тұсаукесерге жаңа костюмдер әзірледік, олар аты аңызға айналған Ив Сен-Лоранның нобайлары бойынша дайындалды", - деп атап өтті Филипп Бино.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!