Астанаға "Ұлы дала азаматтары" автошеруі келеді

Фотография - Астанаға "Ұлы дала азаматтары" автошеруі келеді

сурет astana.gov.kz сайтынан

Автошеруге қатысушылар 8 шілдеде елордаға ат басын тірейді.

713 0

Ұлы Отан соғысы басталған күні "Ұлы дала азаматтары" республикалық автошеруін өткізуге арналған конференция ұйымдастырылды. Шара еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге және ҰОС жылдары алғашқы әскери құрамалардың құрылғанына 75 жыл болуына орайластырылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Аталған кең ауқымды шараның мақсаты мемлекеттіклік пен патриоттық сезімді, халық бірлігін, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізу және қазақстандықтарды "Мәңгілік ел" идеясын ұстануға, "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға шақыру, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығын насихаттау болып табылады.

– Біз Бішкек арқылы жүреміз, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қазалыда міндетті түрде боламыз, Ақтөбеге соғамыз – жақында орын алған оқиғалардың салдарынан Отанымызды қорғап, қаза тапқан 312-ші дивизия – ұлттық гвардияға тағзым етеміз, содан кейін дивизия құрылған Петропавлға барамыз, – дейді Астанадағы "Генералдар кеңесі" РҚБ өкілі, генерал-майор Марат Марденов баспасөз мәслихаты барысында.

Автошеруге қатысушылар 8 шілдеде елордаға ат басын тірейді. Салтанатты шара "Отан қорғаушылар" монументінің алдындағы алаңда өтеді. 1941 жылы бұл жерде Қызыл Әскердің далалық оқу орталығы болған. Алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғам, қалалық жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің және т.б. қатысуымен митинг өткізіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!