"Музарт" Астана күні мерекелік концерт өткізеді

Фотография - "Музарт" Астана күні мерекелік концерт өткізеді

Әртістердің айтуынша, Астанада үлкен концерт өткізу – олардың көптен бергі арманы

672 0

Елорда күніне орай халық тағатсыз күтетін шаралардың бірі барша қазақстандықтардың сүйікті "Музарт" тобының концерті болмақ. Кеңінен танымал трио өз табынушыларын әдемі әндерімен 15 жылдан бері қуантып келеді, алдағы концерт те аталмыш мерейтойға орайластырылмақ, деп хабарлайды қаланың мәдениет басқармасынан.

Әртістердің айтуынша, Астанада үлкен концерт өткізу – олардың көптен бергі арманы, елорда тұрғындары мен қонақтары да бұл оқиғаны тағатсыз күтуде.8 шілдеде "Музарт" тобы "Қазақстан" ОКЗ екі рет концерт береді. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев пен Кенжебек Жанәбілов өздерінің үздік әндерін дирижерлер Александр Беляковпен және Александр Абылаевпен, композитор әрі продюсер Ринат Ғайсинмен, "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрімен орындайды.

Айтулы шара қарсаңында топ солисті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сәкен Майғазиев елордалық "Астана Ақшамы" газетіне сұхбат беріп, "Музарт" тобының тарихымен бөлісті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!