Елордада "Азия жаңғырығы" цирк өнері фестивалі өтеді

Фотография - Елордада "Азия жаңғырығы" цирк өнері фестивалі өтеді

Цирк өнері марафонына әлемнің 8 мемлекетінің үздік әртістері қатысады.

365 0

Елорда күнін мерекелеу аясында IX "Азия жаңғырығы" халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында үздік цирк ұжымдарының өнерін тамашалайды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Цирк өнері марафонына әлемнің 8 мемлекетінің үздік әртістері қатысады. Дүниежүзілік фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өз жанрларындағы нағыз шеберлер, цирк әулеттерінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ. Атап айтқанда, Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия әртістері елордалық цирк күмбезінің астында өз өнерін ортаға салады. Олардың көбі Астанаға алғаш рет келеді.

Фестиваль көрермендері Африканың экозитикалық алыптарының шоуын тамашалайды – керік Багира және мүйізтұмсық Бони, сондай-ақ, үйретілген аюлар мен маймылдар манежге шығады.

Сонымен қатар келушілер назарына акробаттардың өзіне абурап алатын номерлерін, соның ішінде акробаттық жол, ауада тартылған жіп үстінде өнер көрсететін, моноцикл мінген эквилибристтер, арқанмен жүретіндер, сондай-ақ, эфиопиялық әртістердің орындауындағы икарийлік ойындар. Фестиваль бағдарламасына гимнастикалық жанрлар да енгізілді.

Фестиваль барысында ұйымдастырылатын жарқын оқиғалардың бірі - "Кавалькада" мерекелік шеруі - қатысушылар шілденің 1-і мен 4-і күні сағат 17.00-де үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қала көшелерімен жүріп өтеді. Цирк әртістері Қабанбай батыр даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін барады, содан кейін Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп, шеру Қабанбай батыр даңғылында Астаналық цирктің жанында аяқталады.

Фестиваль Астанада осымен тоғызыншы рет өткізіледі. Осы уақыттың ішінде "Азия жаңғырығы" цирк өнері әлеміндегі өзіндік брендке айналып, жоғары көркемдік, ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде өтетін маңызды шара болып табылады. Астаналық цирк жыл сайын төрткүл дүниеге жаңа әртістердің талантты, түрлі жанрлардағы әртістердің – сайқымазақтар мен акробаттардың, жонглерлар мен эквилибристтердің, гимнасттардың, сиқыршылардың және аң үйретушілердің есімдерін жария етеді.

Айта кетейік, биылғы фестиваль Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады және әлемдік цирк өнерінің басты жетістіктерін кеңінен таратуға, үздік дәстүрлер мен бағыттарды сақтауға және ұлғайтуға бағытталған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!