Елбасы туралы жаңа фильмнің үзіндісі желіде жүр

Фотография - Елбасы туралы жаңа фильмнің үзіндісі желіде жүр

Қысқа видеодан Елбасының атқа мінген, теңіз жағасында жүгіріп келе жатқан бірегей кадрларды айқаймыз.

539 0

Әлеуметтік желіге «Мемлекет басшысы» деп аталатын Қазақстан Президенті жайлы жаңа фильмнің үзіндісі тарады, деп хабарлайды Baq.kz.
Қысқа видеодан Елбасының атқа мінген, теңіз жағасында жүгіріп келе жатқан бірегей кадрларды айқаймыз.
Сондай-ақ видеода Елбасының қысқа сұхбаты бар. Ашық әңгіме күйінде өрбіген сұхбатта Президент "қазақ деген кім?" деген сұраққа жауап іздегендей. "Әрине, қазақ атаққұмар келеді. Бірінші болғысы келеді, жақсы болғысы келеді. Бастық болғанды ұнатады. Кім ұнатпайды?!", - дейді күліп Мемлекет басшысы.
"Ұлттың атасы деп адамды халықтың өзі атауы керек. Өзін өзі емес. Мен бұл тақырыпты қозғағым да келмейді", - дейді видео соңында Елбасы.
Видеоны танымал тележурналист Ярослав Красиенко Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
Бұл видеодан бөлек, тележурналистің парақшасынан осы фильмді түсіру жұмыстарында алынған Президент өмірі туралы мынадай қызықты кадрларды кездестіруге болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!