"Астана Операда" театрында "Ән – халықтың ажары" концерті өткізіледі

Фотография - "Астана Операда" театрында "Ән – халықтың ажары" концерті өткізіледі

Ән арқылы әр халықтың мінез-құлық ерекшелігін жеткізуге болады, ән тәрбиелейді, дамытады, ең бастысы - біріктіреді.

294 0

Ән арқылы әр халықтың мінез-құлық ерекшелігін жеткізуге болады, ән тәрбиелейді, дамытады, ең бастысы - біріктіреді. 30 маусымда Камералық залдың сахнасында "Ән – халықтың ажары" атты концерт өтеді.

Кешке "Астана Опера" солисттері -халықаралық байқаулардың лауреаттары Роза Нұркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев (баритон) қатысады. Фортепиано партиясында – Меруерт Жекенова мен Ирина Кургузкина.

"Бұл концертпен біз Камералық залдың үшінші маусымын жабамыз. Әйтсе де, жазғы кезеңде жеті концерт өтейін деп отыр (шілденің 20-нан 30 дейін, тамыздың 14-нен 24 дейін). Бағдарламалар сан түрлі әрі қызықты болады. Маусымды аяқтайтын концерт "Ән – халықтың ажары» деп аталады. М.И. Глинка музыканы жазатын халық, ал композиторлар оны тек өңдейді деген екен. Бұл сөздерде композиторлық өнердің дүниеге келуіне ерекше күш беретін халық музыкасына деген көзқарастың түпкі маңызы жатыр. Кеште Қазақстан халықтары әндерімен қатар, әлем халықтарының әндері шырқалады. Көрерменді жарқын, қызықты, жазға сай әсем бағдарлама күтіп тұр", - дейді Камералық залдың жетекшісі, музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Попурриге енген қазақтың белгілі халық әндері, тәжіктің халық әні "Мухаббат", украиндық халық әндері "Ничяка місячна", "Вечор", орыстың халық әні "Под дугой колокольчик" және басқасымен бірге, Дж. Верди, Дж. Россини, Ф. Легара сияқты көрнекті опералық композиторлардың оперетталары мен операларынан танымал классикалық шығармалар: романстар, дуэттер орындалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!