Эмир Байғазин Словакиядағы кинофестивальде үздік режиссер атанды

Фотография - Эмир Байғазин Словакиядағы кинофестивальде үздік режиссер атанды

"Жаралы періштеден" басқа, халықаралық байқауға 13 фильм ұсынылған болатын.

274 0

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің "Жаралы періште" көркем фильмі Словакияның Кошица қаласында өткен 24-ші Халықаралық "Art Film Fest" кинофестивалінде "Үздік режиссер" жүлдесін жеңіп алды. Картинаны фестивальде фильмнің киімдер бойынша суретшісі Кәмила Құрманбекова таныстырды.

"Жаралы періштеден" басқа, халықаралық байқауға 13 фильм ұсынылған болатын. Олардың ішінде Оливер Лакстың "Мимоза", Кристиан Тафдруптың "Ата-аналар" және Анна Зора Беррашедтің "24 апта" фильмі бар. Фестиваль 17-25 маусым аралығында Словакия елінде өтті.    

Бұған дейін хабарланғандай, Эмир Байғазиннің жасөспірімнің күрделі әлеміне арнаған трилогиясының екінші бөлімі Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында болған халықаралық кинофестивальге қатысып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған еді. 

Сондай-ақ, алдағы шілде айында "Жаралы періште" Тайваньдағы Тайпей кинфестиваліне халықаралық International New Talent Competition бағдарламасы бойынша ұсынылады. Бұл бағдарламаға бүкіл әлемнен жас дарынды кинематографистердің бірінші немесе инновациялық картиналары қатысады.   

Сонымен қатар, алдағы 26-30 шілде аралығында "Жаралы періште" фильмі Жаңа Зеландияның Халықаралық кино фестиваліне қатысады. Туынды бұл фестивальде "Жаңа көзқарас" секциясында ұсынылады. Төрт жасөспірімнің моральдық таңдауы туралы фильмнің әлемдік премьерасы биыл ақпан айында Берлин халықаралық кинофестивалінде болған еді.     

Ал 11 мамырда "Жаралы періште" Францияда прокатқа шықты. 13 мамырда Алматыда қазақстандық премьерасы болды. Ал, Америкалық премьерасы 25 мамырда Сиэтл қаласында өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!