Барша әлемнің үздік бишілері елордада бас қосады

Фотография - Барша әлемнің үздік бишілері елордада бас қосады

Қатысушылар түрлі стиль мен жанрларда өнер көрсетеді - хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус.

291 0

5 және 6 шілдеде қалалық алаңда нағыз би сайысы өтеді. Осымен жеті жыл қатарынан әлемнің үздік бишілері көше биінен International Street Dance Session in Astana 2016 халықаралық фестиваліне қатысу үшін Астанаға келіп жүр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар түрлі стиль мен жанрларда өнер көрсетеді - хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус. Оның үстіне, шараға әртүрлі жастағы және дайындық деңгейі әртүрлі бишілер қатысады.

Командалық және жеке сайыстарда конкурсқа қатысушыларға танымал хореографтар өз бағасын беретін болады.

International Street Dance Session халықаралық фестиваліне жыл сайын талантты жігерлі жастар қатысады, аталмыш шара түрлі стильдегі бишілердің басын қосып, елордалықтарды көше биі әлеміндегі жаңа бағыттармен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Өткен жылдары шараға танымал "Шаг вперед" фильміне түскен, "Билер" және "Би алаңының жұлдыздары" теледумандарына қатысқан, сондай-ақ,  Майкл Джэксон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сынды жұлдыздармен жұмыс істеген атақты биші хореографтар келген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!