Астанада суретші жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

Фотография - Астанада суретші жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

Шара барысында Қазақстанның барлық өңірлерінен ең мықты өнер иелері анықталмақ

138 0

Елорда күніне орай қала әкімдігі "Құлан-Астана" қоғамдық бірлестігімен бірге жас дарындарға бейнелеу өнеріндегі өзінің шығармашылық қабілеттілігін паш етіп, барша Қазақстанға өзі жайлы мәлім ету мүмкіндігін ұсынады. Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында қалада "Астана жас суретшілер көзімен- Made in Astana" республикалық жастар шығармашылығы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

Бүгінде отандық өнердің дамытатын қозғаушы күш болып табылатын талантты, әдеттен тыс ойлайтын жастарға баса назар аударылады. Аталмыш фестиваль еліміздің жас және дарынды суретшілерінің арасында бейнелеу өнерін кеңінен дәріптеуге бағытталған алаң болып табылады, шара барысында Қазақстанның барлық өңірлерінен ең мықты өнер иелері анықталмақ.

Шығармашылық фестивальдің ашылуы Бейбітшілік және келісім сарайында "Құланшы" қазіргі заманғы өнер орталығында өтеді. Сонымен қатар, конференция барысында қатысушылар бейнелеу өнерді сақтаудың өзекті мәселелерін, қалыптасқан проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқыға салады.

Фестивальдегі басты шаралардың бірі 5 шілдеде қаланың бес ашық алаңында (Орталық және Президенттік парктер, Ақбұлақ өзенінің жағалауы, "Бәйтерек" монументі және елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаң) өтетін ашық пленэр мен үздік плэнерлік жұмыс бойынша конкурс болмақ. Шараға 25 жас дарын қатысады.

Мұнымен қоса, ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған даярлау және оқу шеберлік дәрістерін өткізді. "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда ниет білдіргендер бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгереді, сонымен қатар, фестиваль қорытындысы шығарылып, ең белсенді қатысушыларды марапаттау салтанаты өтеді. Айта кетейік, гран-при иегері бас жүлде 1 миллион теңгені қанжығасына байлайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!