ЕҰУ студенттері "UNIVERVISION-2016" халықаралық музыка байқауында жеңіске жетті

Фотография - ЕҰУ студенттері "UNIVERVISION-2016" халықаралық музыка байқауында жеңіске жетті

Қатысушылар екі күн бойы танымал сарапшыларымен бірге жұмыс істеп, олардың шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

123 0

2016 жылдың 24-28 маусымы аралығында Уфа қаласында (Ресей Федерациясы) "БРИКС және ШЫҰ елдерінің студенттік көктемі" атты халықаралық фестивалі шеңберінде студенттік шығармашылықты қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында "UNIVERVISION-2016" атты музыкалық байқау өтті. Оған Қазақстан Республикасы атынан "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен "Жастар Жалыны – 2016" атты шығармашыл жастар фестивалінің жеңімпаздары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен құралған "Қазақ қыздары" вокалды тобы қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. 

Фестивальдің мақсаты - халықаралық студенттік шығармашылықты дамыту, тәжірибелерімен бөлісу және де мемлекеттер арасындағы ізгілік пен достық және мәдени байланыстарды нығайту.

Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастар қоғамдық дипломатия, журналистика, кәсіпкерлік, шығармашылық саласында тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Еске сала кетейік, фестиваль келесі бағыттарды қамтыды: "Медиакөктем" жас журналистер форумы, "БРИКС және ШЫҰ елдерінің екінші жастар форумы", "Көктем патшайымы" сымбаттылық пен әртістік шеберлік халықаралық байқауы, "UNIVERVISION-2016" халықаралық музыкалық жобасы, "Арт-холл" атты делегациялардың ұлттық шығармашылық бағдарламалардың көрсетілімі.

ЖОО аралық фестивальде 20-ға жуық мемлекеттен келген қатысушылар әр түрлі сала бойынша өзара бақ сынасты, оның ішінде "Әлемді біріктіру" ұранын мақсат еткен "UNIVERVISION-2016" халықаралық музыкалық жобасына Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Үнді, Қытай, Ресей және Тәжікстан сынды 7 мемлекеттен 9 команда өз өнерлерін паш етті. Қатысушылар екі күн бойы танымал сарапшыларымен бірге жұмыс істеп, олардың шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Дауыс беру құқығы байқау сарапшылары мен қатысушы елдің делегаттарына тиесілі болды. Әр делегаттар өкілі өз мемлекетінен келген қатысушылардан тыс кез келген байқау үміткеріне дауыс беруге құқылы болды.

ЕҰУ өнерпаздары байқауға қатысуға зор мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін университет ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлына алғыс білдіреді. Және алдағы уақытта университет абыройын асқақтатып, әлі де талай байқауларды бағындыратындарына сенім білдірді. 



Тегтер:

жеңімпаз ЕНУ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!