Астанада Абай ескерткішінің жанында кітап пен поэзия мерекесі өтті

Фотография - Астанада Абай ескерткішінің жанында кітап пен поэзия мерекесі өтті

Келушілер назарына Абай Құнанбаевтың өмірі туралы шығармалар ұсынылды.

223 0

Ересектер мен жас оқырмандарды кітап оқуға баулуға арналған кітап пен поэзия мерекесі бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл шара барысында Ф. Оңғарсынованың "Өлеңдер жинағы" кітабының тұсаукесері өткізілді, "Абайдың рухы" атты театрландырылған қойылым көрсетіліп, Бөкейханов пен Мұқағали оқулары мен "Оқитын уақыт" промоакциясы ұйымдастырылды.

Келушілер назарына Абай Құнанбаевтың өмірі туралы шығармалар ұсынылды. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының актерлары Шығыстың ұлы тұлғасының халқының білімді болғанын көру сынды арманын жүзеге асыра алды.

Арнайы орнатылған стендтерде тәуелсіздігіміздің тарихы көрсетілді. Тақырыптық экспозиция бірнеше бөлімнен тұрады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қорынан жиналған кітаптарда тарихи тұлғалар, Астана туралы жаңа Қазақстанның жобасы ретінде, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы жазылған. Мерекелік шараға елордалық ақындар қатысты.  

Бөкейханов оқуларында Бостанова Жансая, Тұрғанбекова Қарақат, Әубәкіров Рауан, Орынбекова Жасмин өз өнерлерін ортаға салды.

– "Оқитын уақыт" промоакциясы арқылы адамдарды кітап оқуға көбірек тартуға тырысамыз. Өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытумен айналысатынына қуаныштымыз. Осыған байланысты жазда да балаларға арналған шараларды тоқтпаймыз. Бүгінгі шара – кітапқұмар жандардың ашық аспан астындағы кездесуі. Астанада күн жаңбырлы, бірақ жақын арада кездесулер қайта жанданады. Шараларға балалар ғана емес, ата-аналар да келеді. Мысалы, "Әкеммен бірге бұйымдар жасаймын" шарасында балалар ата-аналармен бірге конкурстарға қатысып, қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті. Сонымен қатар, жас оқырмандар қазақ тілін меңгеру бойынша құралдарды сұрады. Орыс тілінде мүлдем сөйлемейтін де балалар бар. Оларға көмектесуге тырысамыз, – деді Орталық жасөспірімдер кітапханасының аға оқытушысы Оралова Валентина.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!