Елордада көше биінің үздік орындаушысы анықталады

Фотография - Елордада көше биінің үздік орындаушысы анықталады

Жарыс қазіргі заманғы көше биінің бірнеше бағыты бойынша командалық және жеке формада өтіп жатыр

190 0

Көше билерінен Street Dance Session-2016 халықаралық фестивалі ашылды. Қалалық алаңдаекі күн бойы 700 биші өзара шеберлік байқасады. Елорда күніне орайластырылған шараға жүздеген көрермен жиналды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс қазіргі заманғы көше биінің бірнеше бағыты бойынша командалық және жеке формада өтіп жатыр. Шара барысында балалар мен ересектер, ұлдар мен қыздар өзара сайысқа түседі.

Жарыстың қазылар алқасының құрамына француз хип-хоп және хаус-бишісі Югсон, американдық Адэ Уилис сынды танымал хореографтар, барша әлемдегі ең үздік кореялық поппинг-орындаушы Докьюн, Тайваньнан келген вакинг стиліндегі белгілі хореограф Крисси Чоу, көптеген жарыстардың жеңімпазы Нора, сондай-ақ, Қазақстан мен ТМД-дағы үздік крамперлердің бірі Лил Стейджкилл кірді.

- Фестиваль Астанада 7-ші рет өткізіліп жатыр. Оған барлық жастағы және деңгейлердегі бишілер қатысуда. Соның ішінде жаңа бастағандар да, кәсіпқойлар да бар. Фестиваль 4 күнге жалғасады. Бірінші күні – іріктеу туры, екінші күні – шеберлік дәрістер өткізіліп, танымал төрешілер сабақ береді, қалған екі күнде хип-хоп, вакинг, хаус, дэнс-холл, крамп, поппинг, клокинг және т.б. аталымдар бойынша финал өтеді. Ертең кәсіпқойлар арасында, ал бүгін балалар арасындағы ақтық жарыс өтеді, - дейді фестивальдің сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Адия Рақымжан.

Би сайысының жүлде қоры 2 млн 500 мың теңгеден асады. Ал бас жүлде - 1 млн теңге. Әр бағыт бойынша бірнеше номинация қарастырылған, сондықтан жарысқа кез келген жастағы және деңгейдегі бишілер қатыса алады.

International Street Dance Session халықаралық фестивалі елордада өтетін жарқын оқиғалардың бірі. Жеті жылдың ішінде белгілі "Шаг вперед" фильміне түскен, "Танцы" және "Звезда танцпола" телешоуына қатысқан, сондай-ақ Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сияқты жұлдыздармен жұмыс істеген биші-хореографтар фестиваль қонағы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!