Болманов 1 маусымда тоңып қалған балалар туралы Балиеваның арызына жауап берді

Фотография - Болманов 1 маусымда тоңып қалған балалар туралы Балиеваның арызына жауап берді

Әртіс наразылық білдірген барлық ата-аналарға құр сөзбен айыптай бермей, дәлел жинай отырып сотқа баруына кеңес берді.

800 0

Қыдырәлі Болманов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, бала құқықығы бойынша өкіл Зағипа Балиеваның "Қарақат" мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Астанада 1 маусым күні Халықаралық балалар күнін тойлау шарасын басталуын күтіп отырып тоңып қалғаны туралы шағымына жауап қайырды, деп жазады Today.kz. Әртіс наразылық білдірген барлық ата-аналарға құр сөзбен айыптай бермей, дәлел жинай отырып сотқа баруына кеңес берді.

"Оны кім ойдан шығарған? Сіздер маған медециналық мәліметтерді көрсетіңіздерші, әкеліңіз де сотқа барыңыз. Біз хайуанбыз ба? Бұл мүлде ойға қонымсыз. Біз оларды (мектеп тәрбиеленушілерін) өзіміздің балаларымыздай көреміз. Бізде ата-ананмыз. Балаларға олай жасай алмаймыз. Мен айтайын – біз нарықта жеті жыл жүрміз және бұл Қазақстанда біз ашқан осындай жалғыз мектеп. Егер оның жұмысы жақсы жүріп, сұранысқа ие болып жатса, яғни, біз бүған шын көңілмен және жауапкершілікпен қарайтынымыз түсінікті", –дейді Қыдырәлі Болманов.

Естеріңізге салсақ, бұл оқиға туралы мәжіліс депутаты, бала құқықығы бойынша өкіл Зағипа Балиева ҚР БҒМ басшысын Қазақстанда жалпылық шаралар барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ететін ортақ ережелер шығаруын өтінгеннен кейін белгілі болды.

Депутаттың айтуынша, Астанада Халықаралық балалар күнін тойлау кезінде "Қарақат" мектеп-студиясының тәрбиеленушілері мерекелік шараның басталуын бір сағат күтіп, тоңып қалған. Оның үстіне бір күн бұрын дабылды ескерту жаряиланып, ауа температурасы минус екі градусқа дейін төмендейтіндігі ескертілгенін атап өтті Балалар құқығы бойынша өкіл.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!