Астанада "Ұлытау" тобының концерті дауға ұласты

Фотография - Астанада "Ұлытау" тобының концерті дауға ұласты

Концертке бір орынға екі билет және мүлде жоқ орындар сатылған.

3575 0

Қазақстандық  "АБК" және "Ұлытау Ұлы" тобының Елорда күніне орай Астанада өткен концертінің арты дауға айналды, деп жазады Today.kz. Концертке келген адамдар қолдарындағы билет мүлде болмаған орынға немесе бір билет екінші рет сатылғанын көріп таң қалған.

Ұйымдастырушылардың бірінің сөзінше, бұл жағдайдың себебі туралы әлі ештеме белгісіз, бірақ бұл жайттың мән-жайын өздері және концертті ұйымдастырып, билет таратуға көмектескен әкімдік өкілдері де анықтауда.

Ұйымдастырушылар мұндай қателіктер баспадан кетуі мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

"Бұл музыканттардың кінәсі емес, олар фантастикалық шоу жасады. Бірақ болған жайт туралы айтарым, мұндай ешкімге де қажет болмаған. Барлық сұрақтар билетті басып шығарып, сатқан адамдарға. Олар бұл жерге келмеген сияқты", - дейді концерт ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, "жалған" билеттермен келген адамдар да концертке кірді, бірақ оларды  фан-аумақта орналастырған.

Естеріңізге салсақ, "АБК" тобының 20 жылдығы мен "Ұлытау Ұлы" ансабілінің 15 жылдығына арналған Астанада өткен концертке Ораза айт құрметіне екі мың тұрғынға билет тегін таратылады делінген болатын. Ал жалпы келушілер саны 10 мың адамды құрайды деп жоспарланған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!