Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беретіні PR-қадам болып шықты

Фотография - Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беретіні PR-қадам болып шықты

Бұл туралы Астанадағы концерттен кейін әртістердің өздері айтты.

4180 0

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбділдинаның отбасында тоқал пайда болады деген ақпарат ойластырылған PR-қадам болып шықты. Бұл туралы Астанадағы мерейтойлық концерттен кейін әртістердің өздері айтып берді, деп жазады Today.kz.

Афтепати алдында Қарақат Қыдырәлі Болмановқа жаңа Toyota Land Cruiser 200 көлігін сыйлады. Әбділдинаның айтуынша, "Екінші әйел" осы көлік екен.