"Егемен Қазақстанға" жаңа басшы келді

Фотография - "Егемен Қазақстанға" жаңа басшы келді

Жаңа басшы болп Дархан Қыдырәлі тағайындалды.

577 0

"Егемен Қазақстан" ұжымына жаңа басшы болып Дархан Қыдырәлі тағайындалды, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында.

"Егемен Қазақстанның" ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырдым. Бас газеттің басшылығына белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін оның Халықаралық Түркі академиясын басқарып келгенін білесіздер.

Бұрынғы басшы Еркін Қыдырға газеттің және жалпы отандық баспасөздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін.

Д.Қыдырәлі ғасырлық тарихы бар "Егеменнің" елдігімізді нығайту жолындағы істерін одан әрі жалғастырып, газетті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", делінген жазбада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!