Астанада Назарбаевтың балауыз мүсіні көрмеге қойылады

Фотография - Астанада Назарбаевтың балауыз мүсіні көрмеге қойылады

Астанада балауыздан жасалған мүсіндердің көрмесі өтеді.

844 0

Астанада балауыздан жасалған мүсіндердің көрмесі өтеді, деп жазады Today.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.  Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет жасау шеберлерінің 40 жуық мүсіні қойылады. Атақты билеушілер, тарихи тұлғалар, актерлар, мультфильм кейіпкерлері – осы және басқа да көптеген кейіпкерлердің фигуралары астаналықтардың назарына ұсынылады.

"Келушілер үшін басқа да тосын сыйлар әзірленді. Адамзат тарихындағы ең табысты футболшы Пеленің және танымал боксшы Майк Тайсонның да балауыз мүсіндері жасалған. Көрмеде "Ұлттық аң және балық аулау", "Жұлдыздар соғысы", "Аватар", "Кариб теңізінің қарақшылары", "Сақиналар әміршісі", "Гарри Поттер" және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін тамашалауға болады. Бұдан басқа, минотавр мен сфинкс те бар", ­- деп хабарлайды әкімдіктен.

Сонымен бірге қазақстандық мүсінші- гиперреалист Айдос Есмағамбетов те өз еңбектерін көрмеге қояды. Астанаға ол Нұрсұлтан Назарбаев, Барак Обама мен Абылай ханның мүсіндерін әкеледі.

Посетить выставку восковых фигур можно с 13 июля по 21 августа ежедневно с 10:00 до 20:00. Вход платный - взрослый билет стоит 2000 тенге, а детский билет - 1000 тенге.

Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-нен тамыздың 21-не дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!