К.Мәсімов Баян-Өлгейдегі қазақ драма театрының әртістерімен кездесті

Фотография - К.Мәсімов Баян-Өлгейдегі қазақ драма театрының әртістерімен кездесті

Қазақ музыкалық драма театры Моңғолияда 1950 жылдардың аяғында ашылған.

194 0

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолияға келген соң Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Өлгей қаласында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Pm.kz.

Атап айтқанда, Премьер-Министр жергілікті музыкалық драма театрында болып, шетелдегі қазақ өнерінің дамуына өз бағасын берді.

Фото -

Қазақ музыкалық драма театры Моңғолияда 1950 жылдардың аяғында ашылған. 1959 жылы алғаш рет қазақ ұлттық аспаптар оркестрі құрылды, ол қазақ музыкалық мәдениетінің дамуына зор ықпалын тигізді. Оркестр репертуарында Құрманғазының "Сарыарқа", "Балбырауын", "Адай" және Түркештің "Көңіл ашар" күйлері бар. Музыкалық драма театрының қалыптасып, өсіп-өркендеуіне қазақстандық мамандар - музыканттар, дирижерлер, балетмейстерлер, хормейстерлер көмектесті.

1992 жылы театр ұжымы жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазір мұнда 71 адам еңбек етеді.

Еске салайық, К.Мәсімов Моңғолияға XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін барды, шара 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!