Мәсімов Медведевтен Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтаруды сұрады

Фотография - Мәсімов Медведевтен Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтаруды сұрады

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Дмитрий Медведев мәселені анықтап, оны шешу үшін тапсырма беретіндігін айтты.

292 0

ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, уәде еткендей, РФ Үкіметінің төрағасы Дмирий Медведевпен кездесу барысында Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін қайтару туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Today.kz pm.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күмәнданбаңыз, мен осы мәселені анықтап, шешу үшін жауапты адамдарға ауызша, керек болса, жазбаша тапсырма беремін», – деді Дмитрий Медведев Кәрім Мәсімовтың ұлттық батырлардың сүйектерін Қазақстанға жергеуге қатысты өтінішіне жауап берген кезде.

Ертерек  Мәсімов  Медведевпен кездесіп, осы мәселені көтеретіні туралы твиттерде жазған болатын.  

Естеріңізге салайық, бұл қасиетті жәдігерлерді қайтару мәселесі Кеңес Үкіметі тұсынан бері көтеріліп келеді. Соңғы кезде осы тақырып әлеуметтік желіде қайта талқылана бастады. Нұрлан Әмірқұлов деген азамат Facebook арқылы Мәсімовтен осы мәселені Медведевтің алдында көтеруді сұрады. Фото - Фото -










Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!