Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға жеткізілді

Фотография - Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға жеткізілді

Фото: ©Арман Мұқатов

Қазір мамандар Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеп жатыр.

466 0

Қазанның алтысы күні сағат 5:30 Астана әуежайына Кейкі батырдың бас сүйегі жеткізілді. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді,-деп хабарлайды Today.kz.

«Қазір мамандар көтерілісші армия жетекшісінің бас сүйегін зерттеп жатыр»,-дейді ведомстводағылар.

Тамыздың он екісі күні Кәрім Мәсімов, Қазақстанның премьер-министрі қызметінде болған кезінде, РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін елге қайтару туралы сөйлескен еді.

Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейі директорының орынбасары Ефим Резван, экспонаттарды РФ заңдарына және РФ Президентінің бұйрығы бойынша ғана қайтара алатынын айтқан еді.

Кейкі батырдың бас сүйегі ондаған жылдар бойы Санкт-Петербордағы Кунсткамерада сақталып келді. Қазақстан тарихшылары бұл жерде Кейкі батырдың бас сүйегімен бірге, оның кемінде жеті серіктесінің сүйегі сақталуы мүмкін деген пікірге келіп, оларды да кейін қайтармақ жоспарлары бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!