Мұхамедиұлының уәдесіне қарамай, Талхиз қаласын бульдозермен қырып тастады

Фотография - Мұхамедиұлының уәдесіне қарамай, Талхиз қаласын бульдозермен қырып тастады

Кадр: ktk.kz

Төрт айдың ішінде бүкіләлемдік мәдени мұраның күлталқаны шықты.

392 0

Алматы облысындағы мыңдаған жылдық тарихы бар Талхиз қаласын, орнына автожол салу үшін қырып тастады,- деп хабарлайды КТК.

Археологиялық қазба жұмыстарын бұл жерде елу жыл бұрын жүргізе бастаған еді. Талхизді есепке алған ЮНЕСКО тіпті, оның маңында қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салған. Алайда, халықаралық ұйымның пікірімен ешкім санаспайтын сыңайлы. Төрт айдың ішінде бүкіләлемдік мәдени мұрадан ештеңе қалмады. Оның бульдозермен күлталқанын шығарды.

"Қазархеология" ЖШС басшылары ЮНЕСКО тізіміндегі бұл нысанның ешқандай құндылығы жоқ деп шешіпті.   «Автомобиль жолдары басқармасы салынатын жол астындағы мәдени қабатты анықтау үшін «Қазархеология» мекемесіне хабарласқан. «Қазархеология» қорытындысына сай, ол жерде ешқандай құндылық, мәдени қабат жоқ»,-деп мәдімдеді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы.

Қыдырбекұлының сендіруіне қарағанда, қаланың негізгі бөлігі сақталған, өйткені Талхиздің көлемі төрт гектар болыпты, ал 2013 жылы оның аумағы 20 гектарға дейін ұлғайтылған. Ал, магистрль құрылысын 2008 жылы Талхиз қаласы төрт гектар болып тұрғанда бекіткен. Алайда, ғалымдар мұнымен келіспейді. «Оны ЮНЕСКО тізіміне енгізген кезде-ақ ол жиырма гектар болған. Мәдениет және спорт министлігінің құжаттарында да солай көрсетілген 20 гектар деп есептелген», - дейді ҚР БҒМ археологияның ғылыми маманы Арнабай Нұржанов.

Айта өтейік, өткен аптада мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-ында мыңдаған жылдық тарихы бар қала үстінен жол салу жұмыстары басталғаны туралы шыққан ақпаратты жоққа шығарған еді. «Әрине, біз тарихи орындардың сақталуын қалаймыз. Осыған дейін ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен бірнеше отырыс болып, олар бұл тарихи құндылығы бар жер деп қорытындысын айтқан болатын. Біз өз адамдарымызды жіберіп, қарадық. Ол жерде шынымен бульдозерлер тұр, бұрынғы көпірді бұзып жатыр. Бірақ, ешқандай құрылыс басталған жоқ», - деп сендірді министр.

Талхиз – Ұлы жібек жолының бір бөлігі, орта ғасырлық отыз қалашықтан тұратын қала. Ол Қазақстан, Қырғызстан мен Қытайда салынған қалалар тобына кіреді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!