Әуезов пен Сүлейменов: Талхизді сүру арқылы қазақ тарихын жоғалтады

Фотография - Әуезов пен Сүлейменов: Талхизді сүру арқылы қазақ тарихын жоғалтады

Фото: today.kz

Қоғам қайраткерлері ескі қала үстінен жолдың салынуына қарсылық танытып жатыр.

504 0

Қоғам қайраткерлері Алматы облысындағы ескі Талхиз қаласының аумағы арқылы автожол салуға қарсылық танытты. Жазушы, ақын-әдебиеттанушы, қоғамдық-cаяси қайраткер Олжас Сүлейменов пен ғалым, жазушы, драматург Мұрат Әуезов қаланы талқандау арқылы қазақ тарихын жоғалтатынын айтады, - деп хабарлайды Today.kz.

«Талхиз сүріп тастағаны маған ұнамайды. Ол ұлттың тарихы, тарихи ескерткіш еді ғой. Мұның қаншалықты дұрыс қадам екенін айту қиын. Бірақ, қазір қазақстандық қоғам біртұтас болып, барлық күш ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге жұмылдырылған дәл осы кезде, халыққа маңызды, негізгі тарихи нысанды алып тастау – қазақ тарихын жоғалтуына әкелетін кері қадам болуы мүмкін.  Әрине, бұл бір күнде жоғалып кетпейді. Дегенмен, Талхиз – сонау Қараханид дәуірінен келе жатқан мұра. VIII ғасырдан XIV ғасырға дейін адамдар өмір сүрген. Бұл түркі халықтарының тарихындағы маңызды кезең. Бұл жерде б.э.дейінгі 2,5 мың жыл бұрын қаншама діндер пайда болған.  Осы жерде Еуропаның қайта жандануына мықты ықпал болған", — деп мәлімдеді Мұрат Әуезов.

Ғалымның пікрінше, тарихи фактілерді білмеу – өзінің даму мүмкіндігінен айырлуы, ұлы білім туатын құрылғыны жоғалту. Оның сөзі бойынша, Қараханид дәуірінің қалалары – көшпенділердің қызықты да таңқаларлық қоспасы. Әуезовтың сөзімен Олжас Сүлейменов те келісіп отыр.  

«Мына әрекет қала тарихынан бастап бүге-шүгесін анықтауды қажет етеді. Егер шынымен де жол қаланың үстінен салынғалы жатса, онда мен бұны қазақ тарихын жоғалтатын жайт деп есептеймін. Талхиз – біздің қалыптасуымыздың куәсі. Адамдардың асығыс қадам жасағанын қаламаймын. Жол құрылысын басқа жерге салуға болады деп ойлаймын»,- деді жазушы.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның алтысы күні мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының уәдесіне қарамай, Талхиз қаласын бульдозермен қырып тастағаны туралы белгілі болды. Алматы облысындағы мыңдаған жылдық тарихы бар Талхиз қаласының орнына автожол салу жоспарланған. 

Археологиялық қазба жұмыстары бұл жерде елу жыл бұрын жүргізіле бастаған еді. Талхизді есепке алған ЮНЕСКО тіпті, оның маңында қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салған. Алайда, "Қазархеология" ЖШС басшылары ЮНЕСКО тізіміндегі бұл нысанның ешқандай құндылығы жоқ деп шешкенге ұқсайды.  «Автомобиль жолдары басқармасы салынатын жол астындағы мәдени қабатты анықтау үшін «Қазархеология» мекемесіне хабарласқан. «Қазархеология» қорытындысына сай, ол жерде ешқандай құндылық, мәдени қабат жоқ»,-деп мәдімдеді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы.

 Қыдырбекұлының сендіруіне қарағанда, қаланың негізгі бөлігі сақталған, өйткені Талхиздің көлемі төрт гектар болыпты, ал 2013 жылы оның аумағы 20 гектарға дейін ұлғайтылған. Ал, магистрль құрылысын 2008 жылы Талхиз қаласы төрт гектар болып тұрғанда бекіткен. Алайда, ғалымдар мұнымен келіспейді. «Оны ЮНЕСКО тізіміне енгізген кезде-ақ ол жиырма гектар болған. Мәдениет және спорт министлігінің құжаттарында да солай көрсетілген 20 гектар деп есептелген», - дейді ҚР БҒМ археологияның ғылыми маманы Арнабай Нұржанов.

Айта өтейік, өткен аптада мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ-ында мыңдаған жылдық тарихы бар қала үстінен жол салу жұмыстары басталғаны туралы шыққан ақпаратты жоққа шығарған еді. «Әрине, біз тарихи орындардың сақталуын қалаймыз. Осыған дейін ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен бірнеше отырыс болып, олар бұл тарихи құндылығы бар жер деп қорытындысын айтқан болатын. Біз өз адамдарымызды жіберіп, қарадық. Ол жерде шынымен бульдозерлер тұр, бұрынғы көпірді бұзып жатыр. Бірақ, ешқандай құрылыс басталған жоқ», - деп сендірді министр.

 Талхиз – Ұлы жібек жолының бір бөлігі, орта ғасырлық отыз қалашықтан тұратын қала. Ол Қазақстан, Қырғызстан мен Қытайда салынған қалалар тобына кіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!