Қазақстан "Еurovision-2017" ән додасына сынға түсуі мүмкін – БАҚ

Фотография - Қазақстан "Еurovision-2017" ән додасына сынға түсуі мүмкін – БАҚ

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Қазақстандықтардын музыкалық байқауға қатысуға негізгі үміткерлер ретінде Жанар Дұғалова, Димаш Құдайберген және «А`Студио» тобы қарастырылы

472 0

Қазақстан алғашқы рет "Еurovision-2017" ән додасына сынға түсуі мүмкін, деп хабарлайды Today.kz австралиялық ESCDaily  музыкалық конкурсының ресми жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы байқау жөнінде әлемде көптеген сыбыстар таралып кеткен. Осы себептен шындыққа жанасады деген төрт болжалды атап көрсету шешімі қабылданған. Шындық рейтингісінің екінші орнына Қазақстандық әртістердің алғашқы рет "Еurovision-2017" додасына қатысу мүмкіндігі туралы  хабар орналасқан.

 " 2016 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы ұлттық таратушы компаниялардың бірі ЕВС-тің қауымдастырылған мүшесі болу құқығын алды.  Мұндай статусқа, мысалға, австралиялық SBS TV телеарнасы ие болып отыр.  "Хабар" агенттігі аталған байқауда ел намысын қорғай алатын әртістерді бірнеше жыл бойы іздестірген болатын. Ал, көптеген қазақстандық БАҚ-тар мен әншілердің табынушылары музыкалық байқауға қатысуға негізгі үміткерлер ретінде Жанар Дұғалова, Димаш Құдайберген және «А`Студио» тобы қарастырылып отыр деген сыбыс таратты. Алайда, ЕВС және байқау басшылары бұл ақпаратты растамаған. Бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр", - делінген мәлімдемеде.

Қазақстандық әртістердің алғашқы рет "Еurovision-2017" додасына қатысу мүмкіндігі туралы болжалмен қатар шындыққа жақын деген қауесеттердің арасында әнші Елена Папаризудың Грекияға оралуы, сондай-ақ, O’G3NE – Нидерландының, ал даниялық Эммили де Форесттің – Ұлыбританияның атынан ән айтуы.

Естеріңізге саламыз, 9 қыркүйекте Украинаның  Ұлттық телеарнасының басшысы Зураб Аласания "Еurovision-2017" халықаралық ән байқауы Киевтің халықаралық көрме орталығында  өтетінін хабарлады. Дәстүр бойынша, "Еurovision" мамыр айының орта тұсында өтізіледі – нақты күндері конкурс өткізілерден бірнеше ай бұрын жарияланады.  




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!