Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында дүние салды

Фотография - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында дүние салды

фото: liter.kz

Хабиба Елебекованы жерлеу уақыты мен күні әлі белгіленген жоқ.

329 0


Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында дүние салды, деп хабарлайды Today.kz Бұл туралы ақпаратты Әуезов атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев растады.  

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 16.7.1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылы туған. Актриса, мемуаршы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976).

1934 — 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген. 1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса. 1935 — 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі — Қарагөз (Ж.Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде). Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің “Абайындағы” Қанікей, Ұлжан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы” Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Қырмызы, Б.Майлиннің “Майданындағы” Мамық, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуіндегі” Айғаным, Иран-Ғайыптың “Естайдың Қорланындағы” Айнаш, т.б.

Сондай-ақ, Елебекова — белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981), “Ән-Аманат” (1989), “Қайран Жүсекем” (1998) кітаптарының авторы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!