Хабиба Елебековамен қоштасу Әуезов атындағы қазақ драма театрында өтеді

Фотография - Хабиба Елебековамен қоштасу Әуезов атындағы қазақ драма театрында өтеді

фото: www.auezov-theatre.kz

Хабиба Елебекова Кеңсайдағы зиратқа жары Жүсіпбек Елебековтың жанына жерленеді.

790 0

Хабиба Елебековамен қоштасу рәсімі 20 қазанда сағат 10.00 Әуезов атындағы қазақ драма театрында өтеді,- деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы редакция тілшісіне Әуезов театрының көркемдік жетекшісі, Есмұқан Обаев мәлімдеді.

«Қайтқан күні бүгін, енді ертең амандық болса, театр ұжымы бар, басқа театрлардан келетіндер бар, Қарқаралыдан келетін, Қарағандыдан келетін жұрт бар. Соларды театрда қарсы аламыз, бүрсігүні (20.10.2016) құдай қаласа, Әуезов атындағы театры – өзі алпыс жыл еңбек еткен театрынан шығарып саламыз. Сол Кеңсай зиратындағы Ұлы жары Жүсіпбек Елебековтың жанына жерленеді», - дейді Есмұқан Обаев.

Қазақ театр өнерінің анасы Хабиба Елебекова 101-ге қараған шағында, соңғы күніне дейін ол ешкімге күнін салып, есінен ауған жоқ. Сахнаға шығуды ол соңғы он-он бес жылда ғана доғарған. Есесіне, өмірінің соңына дейін ол кітап жазумен айналысты. Күйеуі қазақтың ұлы әншісі, Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков, Әуезов атындағы қазақ драма театры, сахнаның сыры, әйел образдары туралы кітаптары жарық көрді.

«Бұл қазақтың професиналды театры үшін үлкен орны толмас қаза. Қазақ театрының алыптары ішіндегі зерек, шапшаң қимылдайтын, сырбаз келіншек, дана, үлкен апалардың бейнесін сомдаған актриса болатын. Өмірін сахнаға арнау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Зор еңбек жасады, еңбегін халқы бағалады», - деді қазақ театр өнерінің майталманы Ермұхан Обаев.

Айта кетейік, Хабиба Қарақбайқызы Елебекова қазанның он сегізі күні таңғы тоғыздар шамасында 101-ге қараған шағында дүниеден өтті. Ол 16.7.1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылы туған. Актриса, мемуаршы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1976).

1934 — 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген. 1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса. 1935 — 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі — Қарагөз (Ж.Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде). Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің “Абайындағы” Қанікей, Ұлжан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы” Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Қырмызы, Б.Майлиннің “Майданындағы” Мамық, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуіндегі” Айғаным, Иран-Ғайыптың “Естайдың Қорланындағы” Айнаш, т.б.

Елебекова — белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981), “Ән-Аманат” (1989), “Қайран Жүсекем” (1998) кітаптарының авторы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!