1050

Мәскеудің орталығында Мая Плисецкаяға ескерткіш орнатылды

Салтанатты ашылуға ұлы балеринаның талантына бас иетін ондаған табынушылар келді.
Фотография - Мәскеудің орталығында Мая Плисецкаяға ескерткіш орнатылды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Мәскеуде Мая Плисецкаяға арналған ескерткіш орнатылды деп, хабарлайды Today.kz  "НТВ" телеарнасына сілтеме жасап. Салтанатты ашылуға ұлы балеринаның талантына бас иетін ондаған табынушылар келді.

Ескерткішті атақты "Кармен" Бизе—Щедриннің музыкасымен ашты. Ашылғаннан кейін, тас тұғыр гүл шоқтарына көмілді.

«Мая Михайловна – әлемдік мәдениетке келген керемет құбылыс. Бұл адам орыс балетін аспандатқан, өзінің таланты мен нәзіктігінің арқасында жаңа баспалдаққа көтерген жан. Бұл ескерткіш, тек балет өнеріне табынушыларды ғана емес, орыс мәдениетін қадір тұтатындардың назарын өзіне тартады»,-деді Ольга Голодец.

Плисецкаяны есте сақтап, даңқын ғасырдан-ғасырға жеткізу мақсатында, жобаның іске асуына белсенділік танытқан оның жұбайы, композитор Родион Щедрин. Бастаманы РФ Мәдениет министрлігі қолдап, мүсінді жасауды балеринамен жеке таныс болған, Ресейдің еңбек сіңген суретшісі Виктор Митрошинге тапсырған.

Жобаның сәулетшісі Алексей Тихоновтың айтуынша, мүсінді іске асырудағы негізгі идея, аспан астындағы Кармен бейнесінде балеринаның қалықтау елесін жасау.

Мүсінді тұрғызу орны (Үлкен театрдың маңы). Ал Кармен бейнесі де кездейсоқтық емес. Дәл Үлкен театрдың сахнасында Плисецкаяға арнап, 1967 жылы Бизе – Щедриннің "Кармен-сюита" спектаклін атақты кубалық балетмейстер Альберто Алонсо сахналаған болатын. Оның Кармені, балеринаның театрдағы репертуарларының ішіндегі ең басты рөлі болса, әлемдік хореография тарихында мәңгілік қалды.

Біртуар балерина, Үлкен театрдың примасы Мая Плисецкая, 2015 жылдың 2 мамырда 90 жасында Мюнхенде қайтыс болды. Қайғыға ортақтасып, көңіл айту әлемнің түкпір-түкпірінен келді. Олар: Франция, АҚШ, Испания, Балтық жағалауы республикалары. Көзі тірісінде прима-балерина өзінің жерлеу рәсімі туралы өсиетхат жазған екен. Онда айтылғандай, Мюнхенде қайтыс болған балеринаның мәйіт күлі Ресей жеріне шашылуы керек.

Загрузка...