Генерал Ертаев «Алмас қылыш» фильмі туралы: Көзіме бірнеше рет жас келді

Мәдениет
3775
Бақытжан Ертаевтың айтуынша, фильм Қазақстан тарихының жаңа қырларын ашты.

Генерал-лейтенант, Қазақстанның Халық батыры, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев «Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы болып табылатын жаңадан шыққан «Алмас қылыш» фильмі туралы әсерімен бөлісті деп, хабарлайды Today.kz.

«Фильм біздің халықтың күші мен қуатын көрсетеді. Құрманғазы күйіндегі рух тереңдігі мен домбыраның тартылған қос ішегі іспетті, біздің халқымыз әрқашан мықты және жеңімпаз болған. «Қазақстан» концерт залында кинотуындыны көрген кезде, жасырмаймын, көзіме бірнеше рет жас келді. Әсіресе жас ханзадалар Қасым мен Мұхаммедтің аналары өлім аузында жатқанда соңғы тілегін орындауға ант берген жерлері маған қатты әсер етті. Фильмнің әрбір эпизоды адам жанын тебірентіп, бей-жай қалдырмайды. Фильм біздерді сол заманғы саяхат жасап, сол кездегі оқиғаның кейіпкері болуға мәжбүрлейді. Мен орнымнан бірнеше рет атып тұрып, қолыма қылыш алып, ата-бабаларыммен бірге елімнің, жерімнің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жауменен шайқасқа түскім келді»,-деп бөлісті Ертаев.

Фото -

Фото -

Оның пікірінше, фильм Қазақстан тарихының жаңа қырларын ашты.

«Қазақ батырлары саяси өте сауатты, стратегиялық тұрғыдан дұрыс қадам жасап, өте қиын кезеңдерде жеңіске алып келетін шешімдер қабылдай білген. Олар әскери стратегияны тамаша меңгерген. Менің ойымша, ата-бабаларымыздың осынау керемет қасиеттерін әскери институттарда, академияларда, әскери бөлімдерде, офицерлер арасында үйретіп, түсіндіру керек. «Алмас қылыш» - бұл жастарға көрсететін фильм. Себебі, ол біздің мемлекетімізбен мақтануға, отаншылдыққа жетелейді»,-деп атап өтті генерал-лейтенант.

Ертаевтың айтуынша, фильмді көргеннен кейін ол, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, режиссер Рустем Әбдірашевқа, бас продюсер Арман Әсеновке фильмді іске асырудағы үлестері үшін алғыс білдіріп, туындының пайда болуына белсене атсалысқан барлық кәсіпқой мамандарға рахмет айтты.

Фото -

Фото -

«Атап өткім келгені, соңғы кезде отандық кино өндірісінде жақсы бетбұрыстар байқалады. Тәуелсіздіктің мерейтойында «Аманат», «Анаға жол», «Алмас қылыш», «Қазақ елі» киноэпопеясы сынды тарихи терең туындылардың өмірге келуі қуантады. Бұл фильмдерде ата-бабаларымыздың ерлігі сомдалған. Ол біздің жастарды отаншылдыққа тәрбилеуге керек. Туынды жоғары дәрежеде түсірілген. Бізді «Қазақфильм» тәрбиледі. Соның жемісін көріп өстік. «Менің атым Қожа», Бауыржан Момышұлының кітабы желісінде түсірілген «Артымызда Мәскеу» заманауи фильмдері мойындаумыз керек, әлемге қазақ киносын танытты. Баршаларыңызға табыс тілеп, әскерилерше айтқанда: Қайтпаңдар!»,-деп сөзін қорытындылады Ертаев.

Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы фильмінің алғашқы көрсетілімі Алматыда өтті

17 желтоқсан күні Алматыда «Алмас қылыш» көркем фильмінің алғашқы көрсетілімі жасалды. Ауқымды жоба идеясының авторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить