Демалыс күндері мұз қалашығының аумағында көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылады

Фотография - Демалыс күндері мұз қалашығының аумағында көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылады

Сурет Астана әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Астаналықтар үшін сырғанақтар мен мұз айдындары қысқы демалыстың сүйікті орындары болып табылады.

621 0

Қыстық көңіл көтеру бағдарламалары Астана қаласындағы төрт мұз қалашықтарының аумағында  өтеді. Олар «Хан Шатыр» СОСО маңында, әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында және Студенттік саябақта орналасқан деп, хабарлайды Today.kz  елорданың әкімшілік сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің алдындағы алаңда да мұздан жасалған ертегі әлеміне енуге болады. Бұл жерде мұз айдыны, балалар мен ересектерге арналған сырғанау төбешіктері, сүйікті мультфильмдердің қызықты мүсіндері орнатылды.

Автор және бас сәулетші Сембеғали Смағұлов белгілі мультфильмдердің кейіпкерлерін негізге алды, өйткені мұз қалашығына негізінен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар көптеп келеді.

Әр жексенбі және мереке күндері мұз қалашықтарының аумағында Astana Winter Land көңіл көтеру бағдарламасы ұсынылады. Оған концерттер, түрлі спорт түрлерінен жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сабақтары, флешмобтар, жәрмеңкелер, спортшылардың өнер көрсетулері кіреді.

Мұздан әлеуметтік желілердің символдары құйылды, олардың қасына барып, естелікке суретке түсіп, «Астананың Қысқы ертегісі» хештегімен өз парақшаңа бірден жүктеуге мүмкіндік бар.

Есіл өзенінің жағалауында уақыт көрсететін және мерекелік атмосфера қалыптастыратын алып сағат Астананың тағы бір қысқы көрігіне айналды. Сондай-ақ, бұл жерде алып мұз айдыны (8 мың шаршы метр) мен мұз төбешіктер бар.

Мұздан архитектуралық кереметтің құрылысында 40 мүсінші мен жүз жұмыскер еңбек етті.

Құрылысшылар көтерген ең үлкен мұз қалашығының ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Қазақстанның бас шыршасы да сонда орналасқан, оның биіктігі – 25 метр.

Астанадағы мұз қалашықтары

19 желтоқсан күні Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық оралығында елорданың басты мұз қалашығы ашылды. Жалпы мегаполисте сыйымдылығы екі мыңнан төрт мың адамға дейін жететін төрт мұз саябағы салынады.

Жалпы саны 20 төбешік, 135 мұз мүсін, 3 мұз айдыны орнатылды. Мұз қалашықтары 37 күнде салынды.

Астана қаласы қысқы кезеңге көгілдір түстегі түрлі инсталляциямен безендірілді. Қаланы безендіру жұмыстарын елорда әкімшілігі Жаңа жыл қарсаңында, 2016 жылдың 22 желтоқсан күні бастады.

2016 жылдың 24 желтоқсанында елордада бірнеше мұз айдындары салтанатты түрде ашылды.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!