Өлімнен кейінгі өмір – «Ақерке, мен сені сүйемін!» құрбыны еске алу фильмі

Мәдениет
3157
Фильмді түсіруге ақшаны туыстар мен достар, таныстар жинады.

2 ақпанда қазақстандық кинопрокатқа шынайы оқиғаға негізделген, «Ақерке, мен сені сүйемін» фильмі шығады деп, хабарлайды Today.kz тілшісі. Фильмнің режиссері Мейірім Арғымбаеваның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын өзінің және достарының басынан өткен әсерлі оқиға туындының негізі болып табылады.

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бірінші курсында оқып жүрген жас қыз-жігіттердің арасындағы Ақерке есімді бойжеткенге "қан обыры" деген қорқынышты диагноз қойылады. Қыздың емделуіне қомақты қаржы талап етіледі. Достары Германияда болатын отаға ақша жинап береді.

Бірақ, ауру жеңіп, Ақерке 2013 жылы көз жұмады.

«Біздің Ақерке есімді жақсы досымыз болған. Ол университеттің бірінші курсында оқып жүргенде, қан обырымен ауырды. Бірінші курстың студенттері алғаш рет осындай ауыр жағдайды бастарынан өткізді. Біз не істерімізді білмедік. Ешкімнің қалтасы көтермейтін 250 мың еуро қажет болды. Ол ақшаны бәріміз жиналып, тауып бере алмайтынымызға көзіміз жетті. Оның ата-анасы ауылда тұратын. Демеуші іздеп, кәсіпкерлерді аралап шықтық. Бірақ, бірінші курстың студенттеріне ешкім ақша бермеді. Өзіміз ақшаны табуға бел шештік. Сегіз концерт ұйымдастырып, көшеде бәліш сатып, салған қолөнер туындыларымызды саудаладық. 24-25 мың доллар жинадық. Ақеркеге квота берді. Біз оны Германияға емделуге жібердік. Жинаған ақша оның жолына, ем-шараларына жұмсалды.Оның көзінің тірісінде аман-есен жазылып кетсе, ол туралы фильм түсіреміз деп уәде еткен едік. Бірақ, өкінішке орай, ол қайтыс болды. Уәде - уәде ретінде қалды...»,-деді Мейірім Арғымбаева.

Режиссердің айтуынша, оның құрбысының сүйікті адамы болатын. Ол жігіт оның аурумен күресуіне көмектесті.

«Бірінші курста Азамат пен Ақерке кездесті. Азамат оны ең соңғы күндеріне дейін қолдады. Қазір ол музыкалық топта өнер көрсетеді. Ешкімді әлі кездестірген жоқ. Оның өмірі жұмыс-үй-жұмыстан тұрады. Азамат Ақеркеге өте көп көмектесті, қатты сүйді. Ол жерде шынайы, нағыз махаббат болды»,-деп бөлісті туынды авторы.

Құрбысының қазасынан кейін, университетті тәмамдаған оның құрбылары мен достары фильмді түсіруге дайындық жасаған. Фильмге ақшаны туыстар мен достар, таныстар жинаған.

«Ол қайтыс болған бірінші жылы демеушілер іздедік. Қалай түсіреміз деп көп ойладық...Бірақ, өзіміз түсіреміз деп шештік. Университетте өнерді оқыдық, мен режиссер мамандығын бітірдім. Тағы бір қыз, ол да режиссер. Сол қыз екеуміз біге ақша салып, түсіре бастадық. Бізге туыстарымыз, жақындарымыз, достарымыз көмектесті. Фильмде - ол қайтыс болады ма, жоқ әлде тірі қалады ма деген құпия бар. Фильм көрерменге кішкене ғана астаналық оқиғаның мыңдаған жүректерді тоғыстырғанын үйретеді. Ол кезде біз Ақеркеге өмір сыйлап, үміт отын тұтатқымыз келген. Қазір ол біздің жүрегімізге мәңгілік тұрақтап, өмір сүріп жатыр»,-деді Мейірім Арғымбаева.

Фильмге Ақеркені жақсы танитын өнер университетінің түлектері, бүгінде актер болған қыз-жігіттер түсті. Айсаным Қастеева фильмдегі басты рөл - Ақеркені сомдайды. Ал Нұрлан Наурызбаев - Азамат рөлінде ойнайды.

30 қаңтарда Алматыда фильмнің баспасөз көрсетілімі өтеді. 1 ақпанда туынды үлкен прокатқа шығып, Ақеркенің туған қаласы – Ақтөбеде көрсетіледі. Ал 2 ақпаннан бастап, Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көруге болады.

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить