865

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына танымал қазақстандық әншінің продюсері Алпамыс Шәріпов хабарлады.
Фотография - Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды Сурет: instagram /@ asharimov

Қазақстандық Димаш Құдайберген «China Top music Awards» марапатында «Азияның ең танымал әншісі» атанды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына танымал қазақстандық әншінің продюсері Алпамыс Шәріпов хабарлады.

«Мен Азиядағы ең танымал әншінің ресми досымын! Қандай бақыт, құттықтаймын!»,-деді Шәріпов.

Фото -

Құдайбергеннің Қытайдың Top Chinese Music Awards сыйлығына ұсынылғаны туралы 26 наурызда белгілі болды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, әнші Қытайдың l аm a singer телевизиялық байқауының 10-шы кезеңінде үшінші орын алды. Ол ақын Орал Байсеңгірдің «Ұмытылмас күн» әнін орындады. Әннің сөзіне әуенді Димаш Құдайбергеннің өзі жазған. Ғаламторда аталмыш көрсетілімнің бейнежазбасы жарияланып қойған.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясында Астана қаласында 27 маусымда өтеді.  

Загрузка...