Димаш Құдайберген жеке концертіне жаңа әндер жазып жатыр

Мәдениет
959
ҚР Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, Димаштың репертуарына қазақ тіліндегі әндер де кіреді.

Мамырдың 27-і күні Астанада өтетін концертте Димаш Құдайберген жаңа әндерді орындайды. Қазіргі кезде ол Hunan TV студиясында жаңа әндерін жазуда деп, хабарлайды Today.kz Халықаралық  "Казинформ" сайтына сілтеме жасап.

«Қандай әндер және кімнің жазғаны туралы әзірше айта алмаймыз. Негізі жаңа әнді жазу оңай емес қой. Концертке бір ай уақыт қалды. Димаштың жүрекке жақын әндерді орындайтынын білеміз. Соның бәрін жеке концертінде тыңдай аласыздар. Жалпы оған репертуарды үнемі жаңартып отыру қажет. Ол шығармашылық үшін, әнші ретінде өсу үшін керек», - деді Айман Мұсақоджаева журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, концертте Димашпен бірге ән айтатын эстрада жұлдыздары әлі анықталған жоқ. Дегенмен, ағайынды Меладзе, Лара Фабиан, сондай-ақ қазақстандық әншілермен келіссөздер жүріп жатыр. «I am Singer» байқауында Димашпен бірге өнер көрсеткен әншілер де келуі мүмкін.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, Димаштың репертуарына қазақ тіліндегі әндер де кіреді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен «I am Singer» байқауынан кейін аса танымалдылыққа ие болды. Аталмыш додада ол екінші орын алды.

Сәуірдің 25-і күні Астанаға Димаш Құдайбергенмен кездесуге төрт мың адам келді. Салтанатты рәсім «Қазақстан» Орталық концерт залында өтті. Кешке әншімен бірге оның ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, атасы мен әжесі, ұстаздары мен тәлімгерлері қатысты. Әншіні құттықтап ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді.

Мамырдың 20-ы күні қазақстандық әнші Канн фестивалінде өнер көрсетті.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить