792

Астанада ашық аспан астында кинотеатр ашылды

Елордалық Арбатта көлемі 3х8 метрлік LED экраны орнатылды.
Фотография - Астанада ашық аспан астында кинотеатр ашылды Сурет: instagram/@astana.day

Астанада ашық аспан астында кинотеатр ашылды. Жазғы кинотеатр елордалық Арбаттың маңындағы Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының алдында орналасқан деп, хабарлайды Today.kz.

Бұл жерге көлемі 3х8 метрлік заманауи LED экраны орнатылды. Сондай-ақ, ұлттық нақышпен өрнектелген жұмсақ төсеніштері бар орындықтар қойылған.

Жазғы кинотеатрдың техникалық ашылуы маусымның 23-і күні, сағат: 21:00-де өтеді. Алғаш рет бұл жерде «Қазақ елі» туындысы көрсетіледі.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2017 жылдың 13-ші мамырында Алматының ботаникалық бағында жазғы кинотеатрдың ашылуы болған еді. Онда алғашқы болып отандық «Қазақша бизнес» фильмі көрсетілді.

Загрузка...