91 тобы "ЕМА-2017" байқауының қос бірдей жүлдесін жеңіп алды

Фотография - 91 тобы "ЕМА-2017" байқауының қос бірдей жүлдесін жеңіп алды

instagram.com

Алматыда музыкант қауым үшін маңызды шара өтті.

7685 1

Алматыда «Қала күніне» орай алтыншы Еуразиялық музыка сыйлығы «ЕМА-2017» өтті, деп хабарлайды Today.kz сайтының қазақ бөлімі. 

10 номинация бойынша 30 әртіс бақ сынап, үздіктердің үздігі анықталды. Жұлдыздар шоғырланған шарада танымал әншілер ән шырқап, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. 

Ендеше «ЕМА-2017» жүлдесін кімдер иеленді екен?

Фото -

«Үздік орындаушы ер адам» номинациясын Әли Оқапов жеңіп алды. 

Фото -

«Үздік ән» және «Үздік ерлер ұжымы» номинациялары бойынша «91» тобы жеңімпаз болды. 

Фото -

Айрии «Жылдың ерекшелігі» болып танылды.

Фото -

«Үздік видеоклип» номинациясы бойынша қыздардан Луина, ерлер арасынан Кентал жеңімпаз болды. 

Фото -

«Үздік ұжым» номинациясы «BN» тобына бұйырды. 

Фото -

«Джейран» тобы «Үздік бойжеткендер ұжымы» номинациясын еншіледі.

Фото -

Әлішер Кәрімов «Бесжылдықтың әртісі» мен «Үздік концерттік шоу» номинацияларын жеңіп алды. 

Сондай-ақ  Үздік «Хип-Хоп» жанры бойынша тағайындалған номинацияны «Баллер» иеленді. «Үздік дуэт» номинациясы Алан Черкасов пен Сосо Павлиашвилиге бұйырса, «Шоу-бизнеске қосқан үлесі үшін» Айжан Нұрмағамбетова марапатталды. Ал «Интернет таңдауы» номинациясына Ерке Есмахан лайық деп табылды.  


Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Алтынай 19 қыр. 21:03

Молодцы 91!!! Пусть кз Шоу бизнес развивается!!!!

Жауап беру