3989

Димаш Құдайберген қытай қызына үйлене ме? Қанат Айтбаев жауап берді

Әкесінің өз сөзі.
Фотография - Димаш Құдайберген қытай қызына үйлене ме? Қанат Айтбаев жауап берді Сурет ашық дереккөзден алынды

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Димашқа қатысты ғаламторда тарап кеткен жаңалықты теріске шығарды. Және ол ұлы жайлы қауесет таратқан фейсбук әлеуметтік желісіндегі топтарды жазаға тартуды сұрады. Бұл туралы Қанат Айтбаев фейсбуктағы жеке парақшасына жариялады, деп хабарлайды Today.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 бабына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! "Жаға ұстатты" тобы, "Жұрт не демейді" тобы", - деп жазды Қанат Айтбаев.