Мирас пен Құралай: «Төрт жыл бойы бала сүйе алмадық»

Мәдениет
9954
Отбасылық өмірді жаңа бастағанда сынаққа тап болдық. Құралай төрт жыл бойы бала көтермеді.

Today.kz сайтының қазақ бөлімі өнер әлемінде өзіндік орны бар, отбасы беріктігінің үлгісі болған Мирас пен Құралай Бекжановтардан сұхбат алған еді. Жарасымды жұптың жаңалықтары да көп екен. Сұрақтарымыздың басым бөлігіне Мирас жауап берді, ал Құралай қасында отағасының сөзін қостап отырды. 

– Сәлеметсіздер ме, Мирас мырза, Құралай ханым. Сұхбатымызды өмірлеріңіз бен шығармашылықтарыңыздағы жаңалықтан бастасақ...

– Құдайға шүкір, жаңалықтарымыз жеткілікті. Басты жаңалығымыз – 24 желтоқсанда мемлекеттік симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жеке шығармашылық концертіміз өтеді. Концертіміздің ерекшелігі – екеуміз классикалық бағытта өнер көрсетеміз, жеке-жеке ән саламыз. Шәкірттеріміз де өнер көрсетеді. «Мирас-Құралай» сән үйі, цехтеріміз ашылды. Қыз-келіншектерге көйлек тігеміз. «Өнер студиясы» кеңейіп, Алматыда екінші, Семейде үшінші «Өнер студиясын» ашып жатырмыз. Қазанның 19-ында презентациясын жасаймыз. «Мәңгілік сыңарым» атты әнімізге бейнебаян түсірдік. Бейнебаянның тұсаукесерін де 19 қазанда кесеміз.

– Сіздер әнші ретінде ғана емес, төрт баланың ата-анасы, жарасымды жұп ретінде танымалсыздар. Көпшілік сіздердің құпияларыңызды білгісі келеді. Отбасы беріктігінің сыры неде?

– Отбасылық өмірді жаңа бастағанда сынаққа тап болдық. Құралай төрт жыл бойы бала көтермеді. Жұбайымның: «мені жібер, үйге кетейін» деген кездері де болды. Өйткені Құралайға «бала көтере алмайды» деген диагноз қойылған болатын. Бүгінде осы қиындықтың бәрі артта қалды, Алла Тағала бізге 3 қыз, 1 ұл нәсіп етті. Бәрі иман мен сабырлықтың арқасы. Аллаға  разымыз. 17 жыл анамызбен бірге тұрып келе жатырмыз, әкеміз 7 жы бұрын қайтты. Шешеміздің де ақ батасы қабыл болған шығар.

Фото -

– Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның кіндік әке-шешесі екенсіздер. Біздің білуімізше, Қанат пен Света Айтбаевтардың жақын жолдасы болып келесіздер. Қандай да бір туысқандық жақындықтарыңыз бар ма, әлде тек доссыздар ма? Сіздер білетін Димаш адам ретінде қандай? Оқырман білмейтін Димаштың қызықты қырлары, әдеттері бар ма? Қарапайым бала Димаштың бір сәтте әлемдік жұлдызға айналып шыға келгенін қалай қабылдадыңыздар?

– Қанат пен Света Құралайды өздері келін болып түсірді деуге болады. Достан да артық туыстай болып кетті. Оларға «аға-жеңгем» деп айтамын. Біз Раушанның кіндік әке-шешесіміз. Димашты кішкентай жасынан білеміз. Өте ақкөңіл, ақжарқын, тәрбиелі, ақылды, әже-атасының еркесі болып өсті. Әлі күнге өзгерген жоқ. Еркелігі де көрінеді, ақылды, сабырлы кейпін жоғалтқан емес. Қай уақытта болса да бізді көргеніне риза болып, қуанады. Димаш осы деңгейге кішкентай кезінен сатылап келе жатыр. «Бір күнде жұлдыз болып кетті» деп айту қиын. Оған еңбекқорлығының, талпынысының, білімінің арқасында жетті. Біз Димаштың жетістігіне қуандық. Көз алдымызда өскен соң біз үшін Димаш ерекше ыстық.

– Екеуіңіз де сахнадасыздар, екеуіңіз де халықтың көз алдындасыздар. Тұрмыстық мәселелерде, бала күтімінде сіздерге кім қолғабыс етеді?

– Құралай екеуміз жиі-жиі гастрольге, тойға шығып тұрамыз. Бәріне анамыз қарайды деп те айта алмаймыз. Көмекшіміз бар. Ол балаларға да қарайды, жасы үлкейіп қалған анамызды да соған тапсырып кетеміз. «Мирас пен Құралай» болып жүргеніміз бірінші Алла, екінші анамыздың арқасы.

Фото -

Мирас пен Құралайдың анасы және балалары

– Балаларыңыз өнерге жақын ба? Қайсысы қай салаға бейім? Балаларыңыздың қай саланың маманы болғанын қалайсыздар?

– Үлкен екі қызымыздың біреуі – 13-те, екіншісі –12-де. Ұлымыз – 6 жаста, қызымыз – 1 жаста. «Қыз бала – өріс» дейді, сондықтан өнерге жақын болса, болашақ отбасына қиындық туғызбай ма деп алаңдаймыз. Құралай: «Мирас, сен менің қасымда жүрсің ғой» дейді, «Мендей жар бәріне қайдан жете берсін?» деп күлемін. Қыздарым бақытты отбасын құру үшін өнерге көп жақындатқым келмейді. Ұлымыз ән айтам десе, жолы ашық. Үлкен қызымыз дизайнер, екінші қызымыз актриса болғысы келеді. Бәріне уақыт төреші.

– Қазіргі қазақ эстрадасы жастар және аға буын өкілдерінің арасында бөліске түсіп жатқандай. Жастар жаңалық әкелеміз деп түрлі тәжірибеге барса, аға буын «қазақ сахнасы қазақилығын сақтап қалу керек» деген пікірде. Сіздердің ойларыңызша, қазіргі қазақ эстрадасының хал-күйі қандай?

– Эстрада туралы сын айтатындай сыншы емеспін. Бір айтарымыз –  Димаш баламыз жастарға эталон, үлгі болды. Соған қарап жастар оқып, түзеліп, Димаш сияқты шетелге талпынып жатыр. Оқыған, жан-жақты Димашты үлгі ретінде ауыз толтырып айта аламыз. 

– Жұлдыздың өмірі қарапайым адамның өмірінен несімен ерекше? Халықтың алғысы, елдің назары бойларыңызға ерекше күш-қуат беретін шығар...

– Танымалдықтың жақсы тұсы - әкімшілікке, басшыларға кірсең танып, қарсы алып, қолдан келгенше көмектесіп жатады. Жол полициясы да көмектерін аямайды. Танымалдықтың жағымсыз тұсы – жұмысшыларыңмен бірге жұмысшы киімімен базарға шығып кетсең, ел-жұрт сонша қарап, сынап жатады. Сондықтан әрқашан өзіңе сырт көзбен қарап, тап-тұйнақтай жүруге міндеттісің.

– Мирас мырза, сізді жұрт іскер азамат ретінде де таниды. Бірнеше шаруаны қатар алып жүру үшін ер азаматта қандай қасиеттер болуы керек? Өзіңіз бәріне қалай үлгересіз?

– Ең алдымен, өте ақылды келіншек алу керек. Ақылшың, тірегің, жанашырың болатын жар болса, бүкіл шаруаң алға басады. 

Фото -

– Өмірлік қағидаларыңыз, ұстанымдарыңыз қандай?

– Имандылық. Оның ішінде бәрі бар. Екіншісі – абырой.

– Көпшілік біле бермейтін қандай қырларыңыз бар? Ән салудан басқа хоббиларыңыз бар ма?

– Өзіміз құпия сақтамайтын адамдармыз. «Мирас-Құралай сән үйі» деген брендті қалыптастыру жолында дизайнерлермен, конструкторлармен келісімшартқа отырдық. Біз ашқан «Өнер студиясының» екеуі Алматыда, біреуі Семейде. Өнер студиясы мұғалімдерін, сән үйі қызметкерлерін жұмыспен қамтып отырмыз. Одан бөлек мен (Мирас, - ред.) Жүргенов өнер академиясында аға оқытушы болып жұмыс істеймін. «Ән салу» кафедрасында ұстаздық қызмет атқарамын.

–  Отандық эстрадада жұп болып сахнаға шығатын әншілер көп емес. Сіздер сол санаулы әншілердің бірі де бірегейісіздер. Өмірдің өзі түрлі соқпақтан тұратыны рас. Сондай кездерде сахнаға жалғыз шығуға тура келетін сәттер бола ма? Екеуіңіздің бірдей сахнада жүрулеріңіздің қиын тұстары қандай?

– Құралайдың аяғы ауыр болғанда, өзім шығып айтуға мәжбүр болған кездер болды. Алда келе жатқан концертімізде де жеке-жеке ән айтатын боламыз. Жалпы басынан дуэт болып қалыптасқан соң, «жеке шығу» ойымызда жоқ. Алла жұбымызды ажыратпасын деп тілейміз.

–  Сұхбат бергендеріңіз үшін көп рақмет!

Сұхбаттасқан: Мейіргүл Оңғарова


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить