1186

Ақан Сатаевтың фильмін әйгілі 20th Century Fox компаниясы таныстырды

Қазақстан киноиндустриясындағы ең үлкен жаңалық.
Фотография - Ақан Сатаевтың фильмін әйгілі 20th Century Fox компаниясы таныстырды Көрнекі сурет

Ақан Сатаевтың "Ол" (Она) фильмі әйгілі 20th Century Fox компаниясының белгісімен шықты. Бұл туралы Ақан Сатаевтың өзі Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Today.kz. 

"Санкт-Петербургта кинонарықта әлемдегі ең ірі кинокомпаниялардың бірі 20th Century Fox біздің "Ол" атты фильмімізді өз белгісімен таныстырды. Біздің командамыз бен бүкіл Қазақстан киноиндустриясы үшін бұл үлкен жаңалық деп ойлаймын, өйткені, қазақстандық фильм тұңғыш рет осынау ірі  дистрибьютор белгісімен үлкен прокатқа шығып жатыр", - деп жазды режиссер. 

Фильм триллер жанрында түсірілген. Бас кейіпкерлері - мегаполисте жалғыз тұрып жатқан анасы мен қызы. 

"Ол" 12-21 қазан күндері Оңтүстік Кореяда өтетін XXII Пусан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді. Картина "Азиаттық киноларға терезе" секциясында көрсетіледі. Ақан Сатаевтың тағы бір жұмысы "Аудандар" (Районы) "Тұлпар" киножүлдесін жеңіп алса, "Анаға апарар жол" (Дорога к матери) фильмі Қазақстан атынан америкалық "Оскар" киножүлдесіне ұсынылды.