1387

Димаш Құдайберген желтоқсан айында Қытайда "Бастау" атты жеке концертін береді

Концертке қазақстандық фанаттар да баруды көздеп отыр.
Фотография - Димаш Құдайберген желтоқсан айында Қытайда "Бастау" атты жеке концертін береді Сурет ашық дереккөзден алынды

Желтоқсан айында Қытайдың Гуанчжоу қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Оған әншінің Қазақстандағы фанаттары да баруы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz Aktobenews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Димаштың анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша, желтоқсан айының ортасында Гуаньчжоу қаласында Димаштың «Бастау» атты үлкен жеке концерті өтеді.

«Гуаньчжоудағы концерттен кейін Димаш Лос-Анджелесте стажировкадан өтуі керек. Баланың оқуды сәтті аяқтап, диплом алғанын күтіп жүрміз. Сондықтан әзірге өзге концерттермен Димаштың көңілін алаңдатқымыз келмейді», — деді Светлана Айтбаева.

Әншінің Мира есімді ақтөбелік фанатының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық фан-қозғалыс Қытайға барып-қайтуды ойластырып жатыр.