8708

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын жоққа шығармады

Ел арасына тараған ақпараттың ақиқатын әншінің өзі айтты.
Фотография - Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын жоққа шығармады Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүгінде Мөлдір мен Арыстанның екі жаққа кеткенін желідегі оқырмандары жарыса жазып жатыр. Тіпті әншіге сансыз сауал жолдаған жанкүйлерлері мардымды жауап ала алмаған. Алайда ел арасындағы тараған ақпараттың ақиқатын Ревю бағдарламасы Әуелбекованың өзінен сұрап көрді, деп хабарлайды Today.kz.

"Мен жауапты алдыңғы уақыттарда жазатынмын. Ол кезде оқырманым аздау еді. Одан кейін менде уақыт көбірек еді. Енді менде уақыт аз, жұмыстан бөлек бөпеме өте көп уақыт бөлемін. Және де оқырманым көбейді менің күнделікті. Ештеңе демеймін. Ештеңе демеймін. Жеке өмір, жеке өмір деп бағана айттым ғой сізге. Жоқ, жауап!" - деді Әуелбекова. Ал күйеуі Арыстанның не үшін Астанада тұратынын түсіндіре алмаған әнші өзінің Алматыға көшіп келуіне байланысты мынадай пікір айтты: 

"Енді, өнер ордасы біздің Алматы! Бізде қаншама әншілер Астанаға қоныс аударып қайтып келді мысалға. Оны барлығы біледі. Соның ішінде мен де бармын. Өнер ордасы, мәдениет ошағы – осы жер. Жұмыстың барлығы осы жерде бізде", - деді ол.