4218

Төреғалидың тойын Қазақстан арнасы көрсете ме? Ерлан Қарин жауап берді

Төреғали мен Толқынның үйлену тойы қазан айында өтеді.
Фотография - Төреғалидың тойын Қазақстан арнасы көрсете ме? Ерлан Қарин жауап берді Сурет ашық дереккөзден алынды

Әнші және айтыскер ақын Төреғали Төреәлінің тойы қазан айында өтеді деп жоспарлануда. Айтулы той арналардан тікелей эфирден берілуі мүмкін деген ақпарат тарап кеткен болатын. Бұған Қазақстан АҚ басқарма басшысы Ерлан Қарин жауап берді, деп хабарлайды Today.kz. 

Кешеден бері арнадан "Төреғалидың тойын тікелей эфирден көрсетесіздер ме?" деген сұрақтар қоюда. Қайдан, неден шыққан әңгіме екенін білмеймін, бірақ біз Ұлттық арнада біртіндеп түрлі ойын-сауық бағдарламаларды азайтып, басқа жаңа жанрларды кеңейтудеміз, сондықтан ондай жобаны көрсетеді деген әңгіме - жалған ақпарат, - деді ол. 

Төреғали тойын ерекше етіп өткізбек. Ол өнер жұлдыздарына арнайы шақырту жіберген. 

Фото -