9522

Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шығуға ниет білдірді

Алтынай Жорабаева жолдасы Сәбит Әбдіхалықпен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді.
Фотография - Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шығуға ниет білдірді Сурет: ашық дереккөзден алынды

Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шығуға ниет білдірді, деп жазады Today.kz 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Алдын ала тон пішпей-ақ қояйын. Енді оны уақыт көрсетеді. "Бақыт тыныштықты жақсы көреді" дейді. Менің ұстанымым солай, тыныш қана бала-шағам, болашақ жарым кездесіп жатса, сонымен бақытты болып жүру. Тұрмысқа шығып жатсақ, жариялап айтамыз ғой. Ол міндетті түрде ақ көйлек киіп, үлкен той жасап дегендей емес. Мен бірінші тойымда да ақ көйлек киген жоқпын. Ондай үлкен той болған жоқ, тек қазақша құдалық болды. Мен ол кезде "неге той болмады?" деп сұраған да жоқпын. Ақ көйлек кию жағын төрт қызыммен ақылдасамын. Олар не айтады, сол болады", - дейді әнші.

Алтынайдың екінші рет тұрмысқа шығуын әкесі мен төрт қызы қолдап отыр. 

"Бір күні ақылдасып, сөйлесіп отырып: "Егер маған болашақ адам кездесіп, сонымен отбасы құрамыз деп жатсақ қалай қарайсыңдар?" дегенімде, екі үлкен қызым: "Онда тұрған ештеңе жоқ. Сіз әлі жассыз ғой, сіздің бақытты болып жүргеніңіз бізге де жақсы. Егер сізді біреу алақанына салып, мәпелеп жатса неге қуанбасқа?! Біз қызғанбаймыз, керісінше қуанамыз", - деп айтты", - дейді әнші. 

Ал Алтынайдың әкесі болса қызына "жақсы жар кездессе, тұрмысқа шығып ал" деп кеңес беріпті. 

Алтынай Жорабаева жолдасы Сәбит Әбдіхалықпен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді.