1168

Айгүл Қосанова Бразилияда дәріс-концертін өткізді

Оған Латын Америкасындағы ең ірі мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысқан.
Фотография - Айгүл Қосанова Бразилияда дәріс-концертін өткізді Сурет: instagram.com/aigulkossanova

Әнші Айгүл Қосанова Бразилияда дәріс-концертін өткізді, деп хабарлайды Today.kz

Оған Латын Америкасындағы ең ірі мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысқан. Отандасымыз Бразилияның Өнер институтында жергілікті студенттерге домбыраны таныстырып, қазақ музыка өнерінің қалыптасу тарихы жайлы баяндап берді. Артынша Айгүл Қосанова ұлттық аспапта ойнап, бразилиялықтарды өнерімен тәнті еткен. 

Жергілікті жұрт мұндай шараның көп пайдасы барын айтады. Өйткені бұл қос мемлекет арасындағы мәдени диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

Айгүл Қосанова Бразилия қаласының TV-Supren телеарнасында тележүргізушімен сұхбаттасып, эфирде домбырамен ән орындаса, келесі күні Халықаралық Turksoy ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған үлкен концертте Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінен келген танымал өнер жұлдыздарымен бірге сахнаға шықты. 

"Бразилия еліне келген кездегі ең алғашқы қадамымыз Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасының аясында болып жатқанына өте қуаныштымын.  "Жаһандағы заманауи Қазақстанның мәдениеті" деген үлкен тақырыпта төл өнерімізді жер-жаһандағы басқа ұлттарға насихаттауды үлкен бір жоба ретінде қарастырудамын", - деді ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанова. 

Фото -