"Зың-зың" танылған кезде Болат Ташкентте дертімен күресіп жатты - марқұмның досы

Мәдениет
3341
Болаттың жақын досы Сағи Әлмұратов Today.kz тілшісіне Нұрымовтың өмірінен ақпарат берді.

25 қазанда Болат Нұрымов аяқ астынан қайтыс болды. Қазнет қолданушылары оны "Зың-зың" әнінің авторы ретінде таныды, бірақ, Болат ән өңдеуші, әнші және басқа да әндердің авторы болған. Болаттың жақын досы Сағи Әлмұратов Today.kz тілшісіне Нұрымовтың өмірінен ақпарат беріп, аталған әнде айтылатын Мика дегеннің кім екенін айтып берді. 

Әлмұратовтың айтуынша, Болат Нұрымов көңілді жүретін, ашық-жарқын адам болған. 

"Студенттік кезімізде ол достарға, мұғалімдерге, танымал адамдарға пародия жасайтын. Біз оған "мүмкін пародист боларсың" дейтінбіз. Ол өте дарынды еді. Сахнада ойнады. Болат домбырадан басқа барлық аспапта ойнай алатын. Неге екенін, домбыра тартуды үйрене алмай-ақ қойды", - деді ол.

"Зың-зың" әнін ол Сағидың көзінше шығарған.

"Жаздың орта шамасы еді. Мен Алматыға Болатқа бардым. Кешке біз оның студиясында отырдық. Ол маған жұмысын көрсетті, біз әңгімелестік, күлдік. Оның әзілі таусылмайтын. Театрда отбасымызбен араласатын достарымыз бар. Сержан досымның әйелі Мөлдір Instagram желісіне сурет салып қойыпты. Мен онымен қалжыңдасу үшін Болаттан көмек сұрадым. Біз не істеуге болатынын ойландық. Түрлі сөз ойлап тауып, былай да былай да көрдік, соңында "Біздің Мика әдемі" деген сөйлеммен бастайық деп шештік. Әрине Шымкенттің қыздарының бәрі әдемі, бірақ Мика олардан да әдемі! Осындай бағытта "бірдеңе ойластырайық" дедік. Онда былай дейік: "Шымкенттің қыздары зың, а Мика вообще дың-дың!" дедік. Күліп алдық. Әрі қарай шығара берейік, оның көзі үлкен ғой, мүмкін сол туралы айтармыз? "Дәу" десек қайтеді? Міне, осылай бірнеше минуттың ішінде әнді де шығардық. Бұл әнді кім айтатыны туралы талқылай бастадық. Ұзақ талқыладық, соңында ол маған "айт" деді. Бәрін жазып, ол әнін қойып, біз Микаға WhatsApp арқылы жібердік. Ол біздің қалжыңымызды түсінді. Сосын осының бәрі ұмытылып кетті", - дейді Сағи. 

Нұрымовтың неге авторлық құқығын жасырғанын да айтты досы. Оның сөзінше, Болат өз туындысы үшін ыңғайсызданған. 

"Зың-зың" пайда болған соң келесі күні интернет жарылып кете жаздады. Қала әкімі туралы да шығарып қойыпты. "Зың-зың" танымал болғанда Болат Ташкентте дертімен күресіп жатты. Адамдар бұл әннің авторын іздеп, "толық нұсқасы бар ма?" деп сұрай бастады. Бірақ Болат жарыққа шыққысы келмеді. Ол бұл туындының өз деңгейі емес екенін айтты. Бұл жай ғана қалжың еді. "Мүйізі қарағайдай эстрада әртістері не ойлайды?" деп Болат уайымдады", - деді марқұмның досы. 

Фото -

Әлмұратов Нұрымовты авторлық құқығын қорғауға көндірген. 

"Автор екеніңді айт дедім. "Оны таратқан сен емессің ғой, өз-өзіңді бұлай көрсеткен жоқсың. Бірақ бұл танылуға мүмкіндік. Сосын халыққа нағыз шығармашылығыңды, нағыз мүмкіндігіңді көрсетесің. Бұл сенің мүмкіндігің болар. Сен бұған жету үшін ұзақ жол жүрдің", - дедім. Ол ойланып қалды. Алматыға келіп, хиттың толық нұсқасын жазды. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жатып қалды. Сол кезде осы әнге бейнебаян түсіреміз деген өтірік авторлар телеарналарға сұхбат бере бастады. Сол кезде Болат аяғынан тұрып, өз құқығын қорғап шықты",- дейді Сағи.  

"Зың-зың" әніне ешкім бейнебаян түсірмейді, өйткені автордың отбасы Болат туралы естеліктердің көрсетілгенін қаламайды. 

"Ол енді арамызда жоқ. Біз Болатсыз бейнебаянды қалай түсіреміз? Оның үстіне отбасы қарсы. Болаттың артында әйелі мен екі жастағы ұлы қалды. Болат отбасының кенжесі болды, екі ағасы мен әпкесі бар. Оның отбасы өте тату, өте қарапайым. Ағалары да Болатпен жақын болды. Университетте оқыған кезімізде біраз уақыт Болаттың үйінде тұрдым. Олар қазір қатты қайғырып жүр. Болат тым жас кетті. Оның үстіне ата-аналарын жақында жерлеген еді. Екі есе соққы болды", - дейді Сағи. 

Естеріңізге салайық, "Зың-зың" әнінің авторы Болат Нұрымов туберкулезден қайтыс болған еді

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить