6041

Мен саған сенемін – Димаш Құдайберген Украинаны таңғалдырған алматылық қыз жайлы

Украина тәлімгерлері Данэлия Төлешованы "құбылыс" деп танып, оны "әлемнің болашақ жұлдызы" деп бағалады.
Фотография - Мен саған сенемін – Димаш Құдайберген Украинаны таңғалдырған алматылық қыз жайлы Сурет ашық дереккөзден алынды

Қытайдың "I am a singer" атты ауқымды ән жобасына қатысып, жарты әлемге танылған Димаш Құдайберген күні кеше Украинаның "Бала дауысы" байқауында жұртты тәнті еткен Данэлия Төлешованың Instagram желісіндегі жеке парақшасына пікір қалдырды, деп хабарлайды Today.kz.


"Браво, ханшайым. Өте жақсы орындадың. Финалға дейін жетесің деп үміттенемін! Мен саған сенемін", - деп жазған Димаш Құдайберген Данэлияның видеосының астына.  

Фото -

Айта кетейік, алматылық Данэлия Төлешова аталған ән байқауының "Көрмей тыңдау" кезеңінде Дэми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, көрерменді тәнті етті. Украина тәлімгерлері 10 жастағы алматылық қызды "құбылыс" деп танып, оны "әлемнің болашақ жұлдызы" деп бағалады