5572

Бауыржан Байбек Асылхан Төлеповтің үйлену тойында сөз сөйледі

Асылханның таңдауы Айсұлу есімді бойжеткенге түскен.
Фотография - Бауыржан Байбек Асылхан Төлеповтің үйлену тойында сөз сөйледі Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық актер және мәслихат депутаты Асылхан Төлеповтің үйлену тойына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек келді. Ол екі жасқа бақыт тілеп, сөз сөйледі, деп хабарлайды Today.kz.

"Тойға жиналған қауым! Тойларыңыз құтты болсын! Асылхан-Айсұлу, бақытты болыңыздар! Сайлау аға, Салтанат тәте, балалар бақытты болсын", - деп тілек айтты қала әкімі.

Фото -

 Асылханның таңдауы Айсұлу есімді бойжеткенге түскен. Ол 8 қазанда қалыңдығын ұзатып алып келген еді. Актердің тойында ұл жолдас қызметін Аян Өтепберген атқарды. 

Фото -

Асылхан Төлепов 2012 жылы "Жаужүрек мың бала" киносында Сартайдың рөлін шебер сомдап, халыққа танылған еді. 2013 жылы "Серпер" Жастар сыйлығын иеленді. 2016 жылы Алматының мәжіліс депутаты болып сайланды. 

Фото -