Димаш Құдайберген жыл сайын өтетін "American Music Awards – 2014" музыкалық жүлдесінің құрметті қонағы болып, әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Димаштың өзі және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әншінің фан-топтары әлеуметтік желі арқылы хабарлады.
"Бұл жігіттермен, соңғы уақыттары жиі кездесетін болдық. Өнерлері өз алдына, адами қасиеттері өз алдына бір төбе", - деп жазды Димаш Instagram желісінде 7,6 миллион оқырманы бар Джэксон Вэнді белгілеп. Джэксон Вэн – Қытай мен Оңтүстік Кореяда өте танымал гонконгтық рэпер, актер.
Ал мына видеоға Димаш: "Концерт басталып болмай Джексон (Джэксон Вэн, - ред.) құрдасыммен əңгемелестік. Сахнаның қазынасына айналған: Кристина Агилера, Леди Гага, Селена Гомез жақсы айтып шықты. Жақсы əсер алдым. Концерт болсаң, осындай бол!" - деп пікір қалдырған.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить