2870

Мейрамбек Бесбаев өзі қатысатын бағдарламаға қатысты туған дауға нүкте қойды

Ол қазақ эстрадасындағы танымал әртістердің не үшін бір-бірімен жарысып жатқанын түсіндірді.
Фотография - Мейрамбек Бесбаев өзі қатысатын бағдарламаға қатысты туған дауға нүкте қойды Сурет ашық дереккөзден алынды

Мейрамбек Бесбаев өзі қатысатын бағдарламаға қатысты туған дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Today.kz. Ол  қазақ эстрадасындағы танымал әртістердің не үшін бір-бірімен жарысып жатқанын түсіндірді. 

"Қазір "Жұлдызды жекпе-жек" сайысына байланысты xалық арасында әртүрлі пікір бар екенін оқып жүрмін. Еліміздің ең таңдаулы әншілері қатысқан сайыс болған соң олай болуы заңды да. Себебі, сайысқа қатысушылардың барлығы өздерін дәлелдеген, өз тыңдармандарын қалыптастырған, өз жанкүйерлері бар танымал өнерпаздар. Олардың барлығы да менің жақын бауырларым. Ешқайсысын бөліп-жармаймын. Олардың әрбірі үшін менің де жаным ауырады. Бірақ сайыс болған соң біреу озу керек, біреу қалу керек. Заңдылық солай. Жекпе-жектің сарапшыларына да қазақ эстрадасында өзіндік оны бар әншілер шақырылады. Егер олар сайысқа қатысушылардың жақсы қырларын байқап, айтып жатса оның несі айып? Бұл сайыстың мақсаты өздерін бұдан бұрын дәлелдеп қойған әншілердің кемшілігін іздеу емес. Мақсат xалыққа жанды дауыста өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат сыйлау. Сол үдеден шығып жатыр деп ойлаймын. Бұл - сайыс формасында ұйымдастырылған ән өнерінің жәрмеңкеңкесі десе де болады. Осы сайысты ұйымдастырғандағы ойымыз да өнерде жүрген бауырлардың бірлігін көрсету, ұлттық эстрадамыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу болатын. Сондықтан кім озса да қазақ озады, қазақ эстрадасы озады. Жан-жаққа тартпай ауызбірлікте болайық! Сіздер менің бұл бастамамымды қолдайды деп сенемін. Әр қазақ - менің жалғызым! Баршаңызға Алла жар болсын!" - деп жазды Бесбаев.

Айта кетейік, көрермен не үшін танымал әншілердің ғана бір-бірімен жекпе-жекке түсетінін түсінбей пікір қалдырған болатын. Одан бөлек, қазылар алқасының тек жағымды пікір айтып, қатысушыны сынамайтыны да түсініспеушілік туғызған еді.