991

Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтетін жеке концертіне Қазақстаннан кімдер кетті?

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Қытайдың Чанша қаласында ертең, яғни 16 желтоқсан күні өтеді.
Фотография - Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтетін жеке концертіне Қазақстаннан кімдер кетті? Сурет: instagram.com/aigan_zholdasova

Димаш Құдайбергеннің Қытайда өтетін жеке концертіне бір күн қалды, деп хабарлайды Today.kz. Концертке Қазақстаннан Димаштың әке-шешесі Қанат пен Света Айтбаевтармен қатар, өкіл әке-шешесі Лұқпан мен Айған Жолдасовтар барды. Бұл туралы Айған Жолдасова Instagram желісіндегі парақшасында айтты

Қазақстаннан Қытайға Димаштың концерті үшін жол тартқандар қатарында ән өңдеуші Ерлан Бекчурин де бар. Ал Димаштың достарының бірі Айсұлтан Дүйсенбаев бірнеше күн бұрын досын қолдау үшін Қытайға барған. Қонақтар қатарынан Димаш Құдайбергеннің жан досы Алпамыс Шаримов әзірге бой көрсете қойған жоқ. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті Қытайдың Чанша қаласында ертең, яғни 16 желтоқсан күні өтеді.